Жаңалықтар

05 Июня 2020

Қала әкімі Almaty Creative Hub алғашқы мәдени орталығын құру жобасымен танысты

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында Алатау ауданындағы жалпы ауданы 1296 шаршы метр болатын Атлетикалық ауыл базасындағы жаңа буындағы Almaty Creative Hub алғашқы мәдени орталығын құру жобасымен танысты. Бұл креативті хаб толық стилистикалық, сондай-ақ техникалық толымдармен бірнеше алаңға бөлінеді: коворкинг, презентациялар, лекциялар мен мастеркласттарға арналған алаңдар, кітапхана, шығармашылық үйірмелерге арналған алаң.
Бұл заманауи мәдени орталық креативті жастарға, шығармашылық топқа тарту нүктесіне айналады, сондай-ақ мұнда шығармашылық балалар үйірмелерін өткізу жоспарлануда.
Мұндай хабты құру Алматы қаласының креативті экономикасын дамыту стратегиясына енгізетінін атап өткен жөн. 2 жыл ішінде қаланың барлық аудандарында осындай хабтар ашылады. Олар жаңғыртылған кітапханалар желісін толықтыратын болады. Сондай-ақ креативті кластерлер, креативті индустриялар мен шығармашылық кварталдар парктерін құру жоспарлануда.

другие Жаңалықтар