Жаңалықтар

29 Апреля 2020

Алматы мәдени-шығармашылық онлайн-іс-шараларына афиша

Пандемияға байланысты бүкіл әлем карантин режимін сақтауда, оның ішінде Алматы қаласы да бар. Оңтүстік астананың тұрғындары өздерін оқшаулап барлығы үйде, бірақ бұл мәдени дамудан бас тартуға себеп емес. Карантин кезінде алматылықтар мәдени шаралардың онлайн көрсетілімін ғана емес, сонымен қатар Алматы қалалық мәдениет басқармасы ұйымдастырған тегін шығармашылық үйірмелерге қатыса алады.

Сіздердің назарларыңызға Алматы қаласының мәдени-шығармашылық онлайн-іс-шараларының афишасын ұсынамыз.

1. Almaty Creative Youtube арнасында көркем қимыл мектебі 2020 #stayhome аясында заманауи өнер бойынша дәрістер қолжетімді. Қазақстан мен әлемнің заманауи өнерінің тарихы туралы біле аласыз, суретшілермен танысып, арт-менеджмент және суретшілердің жұмысындағы құқықтық аспектілер бойынша курсты тыңдауыңызға болады. Қазіргі уақытта мектеп базасында студенттердің виртуалды көрмесі дайындалуда.

2. Сондай-ақ, Almaty Creative Youtube каналында «Мәдени мұра арқылы тұлғаның дамуы» курсы бойынша дәрістер қолжетімді. Курс мәдени-білім беру бағытындағы бастауыш сынып оқушыларына бағытталған және шығармашылық пен заманауи оқытудың креативті технологияларын біріктіреді.

3. Аптасына бірнеше рет заманауи қазақстандық мәдениет пен креативті экономика туралы «Жасыл базар» ютуб-шоу шығады. Журналист Мәди Мәмбетов пен философ Оля Веселова қызықты және өзекті: болашақ театрлар мен кинодан бастап fake news және урбанистикаға қатысты тақырыптарды қозғайды. Жаңа шығарылымдар туралы ақпаратты Almaty Creative Youtube арнасынан және @almaty.creative Instagram-парақшасынан көре аласыздар.

4. Әр апта сайын Q Space шығармашылық студиясы ұйымдастырған тікелей эфирде өтетін сабақтар балалар мен олардың ата-аналарына үйден шықпай-ақ өздерін суретші сезінуге мүмкіндік береді. Сабақтар қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Трансляциядан кейін жазба Almaty Creative арнасында сақталады. Шығармашылық мастер-класстар аясында сіздер уақыттарыңызды пайдалы өткізіп қана қоймай, сонымен қатар өз ой-өрісініңізді кеңейтуге және жүлделер ұтысына қатысуға мүмкіндікке ие боласыз. Хабарламалар мен толық ақпаратты @almaty.creative парақшасынан біле аласыздар.

5. 6 сәуірден бастап @almaty.creative Instagram-парақшасының тікелей эфирінде күнделікті онлайн музыка курстары – Диана Шараповамен вокал, гитара, фортепиано және домбырада ойнап уйрену курстары өтуде. Фортепиано және гитарадан курстар 26 сәуірде аяқталды, бірақ сабақтардың бейнежазбалары біздің Almaty Creative Youtube арнасында қолжетімді болады. Домбырада ойнап үйрену курсы 2 мамырға дейін күн сайын 12.30-да болады, эфир 24 сағат сақталады. Диана Шараповамен вокал сабағы 28 сәуірде аяқталады, ал бейнежазбалар біздің Almaty Creative Youtube каналына жүктеледі.

6. 15 сәуір күні алғашқы Қазақстандық «К-Медиа» Record» лейблінен «Үйдегі таланттар» атты қалалық музыкалық онлайн байқау басталды. Егер сіз музыкант болсаңыз, аспапта ойнай алсаңыз, өз шығармашылығыңызды көпшілікке ұсынуға тамаша мүмкіндікке ие боласыз. Байқау 4 мамырға дейін жалғасады, жеңімпаздар «К-Медиа» Record» продюсерлік орталығынан кәсіби дыбыс жазуға арналған сертификат алады. Байқау нәтижелері 6 мамырда белгілі болады.

7. 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 1 мамыр күні сағат 20.30-да Almaty Creative youtube арнасының тікелей эфирінде, сондай-ақ Алматы телеарнасында қазақстандық эстрада жұлдыздары Роза Рымбаева, Толқын Забирова, Парвиз Назаров және Әли Оқаповтың қатысуымен LIVE-концерт өтеді. Сондай-ақ, Марат Омаровтың, Ренат Гайсин мен Динаяның, «Меломен» тобының қатысуымен өткен LIVE-концерттер Almaty Creative Youtube арнасында қолжетімді.

8. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай 9 мамыр күні сағат 19.00-де Almaty Creative youtube арнасының тікелей эфирінде, сондай-ақ Алматы телеарнасында қазақстандық эстрада жұлдыздары Роза Рымбаева, Нағима Есқалиева, Нұрлан Абдуллин, Толқын Забирова, Мәдина Сәдуақасованың қатысуымен LIVE-концерт өтеді.

9. Жақын арада актерлік шеберлік, шешендік өнер және сурет салу  бойынша онлайн сабақтар қолжетімді болады. Бұл курстың ерекшелігі жоба нәтижелерін мүмкіндіктері шектеулі балаларға қолдану болып табылады. Сабақтың басты міндеттері кез келген жастағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту; оқушылардың кең ауқымын шығармашылық қызметінің шексіз мүмкіндіктерімен таныстыру; коммуникативтік дағдыларды, шешендік шеберлікті және балалар мен жасөспірімдердің көшбасшылығын дамыту болып табылады. Анонстарды @almaty.creative парақшасынан көре аласыздар.

10. Жақында барлық жастағы тұрғындар үшін «Дефиле және Фотопозинг» онлайн сабағы басталады. Бұл курстарда сіз әдемі және кәсіби қозғалуға үйренесіз, арқаңызды тік ұстауды, денеңізді және бет мимикасын меңгеруді үйренесіз. Аңдатпа және толық ақпарат @almaty.creative парақшасында қолжетімді болады.

11. Егер сіз әлеуметтік желіні дұрыс пайдалануды, дұрыс және сапалы контент жасауды, бейне түсіруді және монтаж жасауды үйренгіңіз келсе, онда «Блогинг» онлайн сабағы сіз үшін. Сабаққа барлық ниет білдірген әлеуметтік желі пайдаланушылары қатыса алады. Курстың басталуы туралы хабарламалар мен толық ақпарат @almaty.creative парақшасында қолжетімді болады.

12. Сіз би билеуді үйренгіңіз келсе, онда біздің онлайн би сабағына тегін қатысыңыз. Курста сіз би бағытымен танысасыз,  музыканың ырғағын сезініп, би шоты мен қозғалыстарды орналастыуды, би бағытының базалық негіздерін үйренесіз.

 

Балалармен бірге қуыршақ театрына барғыңыз келеді, бірақ мүмкіндігіңіз жоқ па? Мемлекеттік қуыршақ театры сіз үшін арнайы онлайн көрсетілімдер ұйымдастырды.

1. Әр демалыс күндері театр репертуарынан (Мемлекеттік қуыршақ театрлары) театрдың ресми YouTube арнасында сағат 12:30-да орыс және қазақ тілдерінде спектакльдердің онлайн көрсетілімі өтеді.

2. Кішкентай көрермендерге арналған «Қайырлы түн, балақай!» айдары аясында қазақ ұлттық және шетел ертегілерін театр әртістері Instagram (@kuyrshak_teatry)  және Facebook желілерінде онлайн оқиды.

3. Театрдың ресми Instagram парақшасында (@kuyrshak_teatry) жетекші режиссерлермен, суретшілермен, театр мамандарымен, драматургтермен және әртістермен тікелей эфир және онлайн әңгімелер өтеді.

4. Театрдың жетекші әртістері Instagram (@kuyrshak_teatry) және Facebook (Қуыршақ Қуыршақ) парақшаларында қуыршақ жүргізу бойынша күнделікті сабақтары мен мастер-кластарын өткізеді.

5. Instagram (@kuyrshak_teatry) парақшасында «Сын талдау» айдары аясында театр сыншылары мен театр жетекшілері театр репертуарындағы спектакльдерді онлайн талдап, тікелей эфир өткізеді.

6. Театрдың ресми парақшаларында күн сайын «Қойнауы қазынаға толы қуыршақ театры» айдары аясында биыл 85 жыл толатын театр тарихымен және репертуарымен көрермендерді таныстыру өтеді.

Алматы қаласы мұражайларының бірлестігі өз келушілеріне келесі виртуалды экскурсиялар дайындады:

1. 27 сәуір Алматы музейі (@almatymuseum) «Орта ғасыр» атты онлайн тақырыптық экскурсияны Instagram және Facebook парақшаларында ұсынбақ. Экскурсия барысында Ұлы Жібек жолы, Ұлы Жібек жолы бойында пайда болған орта ғасырлық қалалар және қалалардан табылған заттай деректер, сонымен қатар Алматы қаласының 1000 жылдығына дәлел - күміс дирхем монеталар және Орта ғасыр қалаларының тұрмыс-салты, Ұлы Жібек жолы арқылы Ислам дінінің таралуы туралы баяндалады.

2. 28 сәуір «Құрманғазы Сағырбайұлының домбырасы» атты онлайн тематикалық экскурсиясы өткізіледі. Күй атасы атанған Құрманғазы Сағырбайұлының домбырасы бүгінде қайда сақталған, әйгілі музыканттардың түпнұсқа аспаптары шоғырланған қара шаңырақ Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде (@ykhlas_museum) бұл домбыраның көшірмесін ғана кездестіре алуымыздың себебі жайлы баяндалады. Сілтеме

3. 29 сәуір - әйгілі композитор, академик, дирижер Ахмет Қуанұлы Жұбановтың туған күніне орай өтетін «Халық мұрасының жанашыры – Ахмет Жұбанов» атты виртуалды тақырыптық экскурсияда өзі қолданған домбырасы көрсетіліп, сол домбырада Әсел Алинаның орындауындағы композитордың бір шығармасы халық назарына ұсынылмақ. Сілтеме

4. 29 сәуір Мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында (@Multimedia_center)  «Домбырада ойнай білесің бе?» атты онлай шеберлік сабақ өтеді. Онлайн шеберлік сабақты орталықтың музыкант-экскурсоводы, Халықаралық конкурстардың лауреаты, мультиаспапшы Аслан Гумаров домбыра тартудың түрлі әдіс-тәсілдерін көрсетеді. Сондай-ақ, қазақтың танымал күйлері орындайды. Орталықтың Instagram және Facebook парақшаларынан тамашалай аласыздар.

5. 30 сәуір С. Мұқанов және Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінің (@muzey_s.g.m) экскурсоводы Әбдіқұл Н. шопан Дүненбай С. Мұқановқа сыйға тартқан аюдың терісі туралы «Бөстек» атты тақырыптық экскурсиясын ұсынады.

6. 30 сәуір Н.Тілендиевтің мемориалды музейінің парақшасында (@tlendiyev_museum) «Күй шежіре» айдарына «Ата толғауы» күйінің тарихына байланысты виртуалды тақырыптық экскурсия өтеді. Күйші «Ата толғауы» күйін арнаған тұлға туралы ақпарат пен оның «Отырар сазы» оркестрінде алар орны, музей қызметкері Еркін Құдайбергеннің орындауында «Ата толғауы» күйі ұсынылады.

Алматы қаласының орталық кітапхана жүйесі онлайн режимінде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды.

1. Апта сайын 8 онлайн-үйірме жұмыс істейді: «Физика және математика» (жұма), «Шахмат академиясы» (сәрсенбі, жұма), «Бисермен тоқу» (сейсенбі), «Қағаз үлгілеу» (дүйсенбі), «Мен өзім! Оқимыз, оқимыз, ойнаймыз» (сәрсенбі), «Ертегі терапиясы» (сейсенбі), «Актерлік шеберлік» (сәрсенбі), домбырадағы ойындар (дүйсенбі, бейсенбі). Олар @zhambyl_kitapkhana, @begalinka.library, @library.almaty Instagram-парақшаларында, сондай-ақ Almaty Creative youtube арнасында қолжетімді.

2. Аптасына екі рет қазақ және орыс тілдерінде кітап көрмелеріне онлайн шолу жүргізіледі.

3. Аптасына бірнеше рет @zhambyl_kitapkhana, @begalinka, @library.almaty парақшаларында онлайн-тренингтер мен онлайн-кездесулер өткізіледі.

Егер сіз цикрті жақсы көрсеңіз, карантин сізге кедергі болмайды. Ендігі үйретілген жануарлардың дайындығын, цикр әртістерінің дайындығын (акробатика, эквилибристика, жонглерлеу), хореография мен грим бойынша сабақтарын, үйретілген жануарларды азықтандыру және күту сәттерін Қазақ мемлекеттік циркінің Instagram, Facebook, Youtube желісіндегі парақшаларынан онлайн көре аласыз.

Карантин кезеңінде хайуанаттар бағының павильондары мен аллеялары бос тұр. Бірақ бұл хайуанаттар бағы жұмыс істемейді деген сөз емес. Өйткені бізде күнделікті қамқорлықты қажет ететін тірі «экспонаттар» бар. Енді хайуанаттар бағына онлайн режимде барып, біздің қызметкерлер жүргізетін экскурсияларды көруге болады. Біз бұған дейін піл, мүйізтұмсық, сурикат, жыландар туралы қызықты бейнеэкскурсиялар көрсеткенбіз. Алдағы уақытта аққолды гиббон, үлкенкөзді скат, үнді кобрасы және басқа да аң-құстар мен балықтар туралы қызықты бейнеэкскурсияларымызды Алматы хайуанаттар бағының Instagram, Facebook, Youtube парақшаларында онлайн түрде ұсынатын боламыз.

Сондай-ақ, «Алатау» дәстүрлі өнер театры қазақ халқының ұлттық өнеріне арналған онлайн дәріс-концерттерді күнделікті Instagram (@alatau.theater) парақшасында тікелей эфирде өткізеді. Республика сарайының әртістерінің ерекше орындаудағы өнерін тамашалағының келсе @dvorec_resbupliki парақшасынан көре аласыздар.

другие Жаңалықтар