Жаңалықтар

26 Февраля 2020

Абай өлеңдері — жүрекке үлкен ұя салғандай болды: Алматыда ұлы поэзия мен музыка кеші өтті

Бүгін Алматыда Абай Құнанбаевтың ұлы поэзиясы мен музыкасының эссе кеші өтті. Шара Абайдың 175 жылдығын мерекелеу құрметіне ұйымдастырылды. «Бүгінгідей кеште мен бірінші рет отырмын. Өйткені, бұндай бір рухани ләззат алу, сахнаға сүйсініп қарап отыру, ондағы декорация және әншілеріміз, Абай өлеңдері – жүрекке үлкен ұя салғандай болды. Осындай концерттер, осындай бас қосар уақыт қашан болады екен деп жүр едім. Айқай шудан құлағымыз әлі шаңғырып тұр. Бұл терең ойға жетелейтін, ойланбаған адам жоқ. Абай ой мұхитына шомылып шыққандай болдым», — деді көрермендердің бірі Дулат Исабеков.

Айта кету керек, кеш барысында көрермендердің өздері, ересектер мен балалар да ұлы ақынның өлеңдерін оқуға белсенді қатысты. «Өте ғажайып. Абайдың бүкіл жүрегін ел-халқына жеткізген үлкен кеш болды. Бұл бір ғажайып кеш болды. Адамның жүрегін тебірентерлік, толғандырарлық кеш болды», — деп шараға қатысушы қонақ өз пікірімен бөлісті.

другие Жаңалықтар