Жаңалықтар

18 Февраля 2020

«Жыр алыбы – Жамбыл» атты ақынды еске алу кеші

Алматы қаласы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында  қазақтың Ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың туғанына 174 жыл толуына орай «Жыр алыбы-Жамбыл» атты еске алу кеші өтеді

Іс-шарада Жамбыл ақын өмірі мен шығармашылығы туралы жан-жақты айтылып, ақынның өлеңдері оқылып, әндері шырқалады.

Кеш жүргізушісі: Еркінбек Ұлжан – кітапхана қызметкері. 

Бұл кешке жамбылтанушылар: Жазушы Нағашыбек Қапалбекұлы, профессор Темірхан Тебегенов және ақынның ұрпақтары қатысады.

№143,147,161 лицей-гимназиялары мен педагогикалық колледж студенттері, Ж.Елебеков ат. Республикалық эстрада цирк колледжінің студенті

Айжан Қабланбектер қатысады.

Өтетін уақыты: 2020 жылғы 20 ақпан, сағат 12.00.

Мекен – жайы: Алматы қаласы, Назарбаев даңғылы, 43

Байланыс телефонымыз: 271 – 14 - 24

другие Жаңалықтар