19 Февраля 2020

«Абай әлемі» мерекелік кеші

20 ақпан күні сағат 11-00 де Республика Сарайында
Ұлы ақынның рухани мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында ақын, ағартушы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жылдығына арналған «Абай әлемі» жобасы аясында мерекелік шара өтеді.
Ұйымдастырушылар: • Медеу әкімдігі • Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі Қала тұрғындары үшін ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған «Абай әлемдік ғажайып тұлға» атты көрме ұйымдастырылады. Көрмеде Хакім Абайдың әр түрлі лирикалар және сатиралық өлеңдері, пейзаждық эскиздері, «Қара сөздері», орыс және шетелдік авторлардың аудармалары ұсынылады. Сонымен қатар, поэзия әуесқойларына «Поэтикалық микрофон: поэзия - тілдің билеушісі» алаңында «Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің» оқырмандары мен танымал ақындар Абайдың өлеңдерін оқиды. «Абай әлемі» атты музыкалық сағатта Абайдың музыкалық композицияларын тамашай аласыздар.
Іс-шараға келушілер ойын алаңына «Абайдың шығармаларын білесіз бе?» атты зияткерлік квестіне қатыса алады. Абай поэзиясын сүйетіндер үшін белгілі ақындар мен жазушылардың қатысуымен «Ұлы мұраны сақтау» мастер-классы және қолөнер шеберлерінің көрмесі өтеді.

Мекен жайы: Алматы қаласы, Абай даңғылы,103
Анықтама телефондары: 2793315

другие Афиша