Жаңалықтар

10 Февраля 2020

Қазақтың дарабоз ақыны Қадыр Мырза Әліге арналған кеш ұйымдастырылады

24 ақпан күні қазақтың дарабоз ақыны Қадыр Мырза Әліге арналған «Өлеңнің тау тұлғасы – Қадыр ақын» атты поэзия кеші ұйымдастырылады. Аталған шара №29 балалар кітапханасында №40 жалпы білім беретін мектептің 7-8 сынып оқышылары мен Замандастар клубының мүшелерінің қатысуымен өтеді. 

Поэзия кешінің басты мақсаты Қадыр ақынның жырларын, туған жерге деген өлеңдерін  оқушыларға   насихаттау.  Оларға ақынның ел-жұртын, туған жер топырағын ақындық шабытпен қастерлеумен қатар, туған елдің сенімін, ой-түсінігін бойына  терең сіңірген талант иесі екенін айту. Қадір Мырза Әлі ақынның өмір жолы туралы ақпараттармен таныстыру, оқушылардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету болып табылады.

другие Жаңалықтар