Жаңалықтар

06 Февраля 2020

Ыбырай Алтынсаринге қойылатын ескерткіштің ең үздік жобасына арналған ашық республикалық конкурс

Алматы қаласының әкімдігі Ыбырай Алтынсариннің есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында орнатылатын ескерткіштің ең үздік жобасына республикалық ашық конкурс жариялайды.
Конкурстың мақсаты: Орнатылатын ескерткіштің тарихи бейнесін ашып, мүсіндік-көркемдік шешімін табу. 
Көркемдік бейнелілік тұлғаның шынайы бет бейнесімен ұқсастығын, жаңа құрылыс сұлбасының көлемі мен формасының, дененің жеке мүшелері, киім бөлшектерінің, заттарының үйлесімділігін қамтиды.
Конкурсқа қатысу үшін өтініштер 2020 жылдың 10 ақпаны мен 15 наурыз аралығында қабылданады. Қосымша ақпаратты Алматы қаласының Мәдениет басқармасынан алуға болады. Мекен жайы: Алматы қаласы, Республика алаңы, 4. Байланыс телефоны: 8(727)272-11-09, 272-58-83. Конкурстың шарттарын келесі құжаттан көре аласыздар:

Документ

другие Жаңалықтар