Жаңалықтар

17 Января 2020

Республика Сарайы

Республика Сарайы еліміздің мәдени нышаны және қазақстандық музыканы дәріптеуде маңызды міндет атқарады. Оның алуан түрлі шығармашылық идеялар мен бірегей дарындардың көптігімен ерекшеленетін Қазақстанның мәдени астанасы – Алматы қаласының қақ ортасында орналасуы тегін емес. Өзінің жарты ғасырлық тарихында Сарай сахнасы атақты музыканттар мен әртістердің бірнеше буынын көрді, айтулы тарихи қоғамдық-саяси оғиғалардың куәгері болды, жоғары рейтингтерді жеңіп алып, аты шулы аншлагтарға ие болды. Біз осы жақсы дәстүрлерді жалғастырып, Қазақстанның мәдени мұрасын арттыруға ниеттіміз. 
Сарайдың есігі барлық келем деушілерге ашық. Мұнда Сіздерді жағымды атмосфера, жоғары деңгейлі қызмет көрсету және әлбетте, кез-келген көрерменнің жасы пен талғамына сай әуезді ән мен көңілді билерге толы қызықты мәдени бағдарламалар күтеді.

другие Жаңалықтар