Жаңалықтар

27 Декабря 2019

Ақпанның 19 мен 23 аралығында Astana Ballet Театрының Алматы қаласындағы гастролі өтеді.

Билеттер сатыла бастады!

Ақпанның 19 мен 23 аралығында Astana Ballet Театрының Алматы қаласындағы гастролі өтеді.

19-ақпандағы бағдарлама «Concerto Barocco», «A Journey of Memory», «Love’s Lost Idols» бір актілі балеттерінен құралған.

 Балет өнерін қастерлейтін қауым үшін, Дж.Баланчиннің неоклассикалық балет жауһарына баланатын сюжетсіз «Concerto Barocco» қойылымы – нағыз тарту болмақ. Балет премьерасы 2019 жылдың қыркүйегінде, «Америкалық балет кешінің» аясында өтіп, отандық көрермен ілтипатына бөленген-тін.

Бұл туындының ізін ала, қоюшы-хореограф Раймондо Ребектің 31 минуттық “ғаламаты” – «A Journey of a memory» («Өткенге саяхат») туындысы паш етілмек. Әртістер балет тілінің күшімен – адам баласының әрқайсысының жадында мәңгі хатталып қалар естеліктер жайлы сыр шертеді. Иә, өшкен сезімді жаңғырту, ұзап кеткен сүйіктіңді оралту мүмкін еместей көрінер. Әйтсе де, араларыңда мәңгі өшпес тәтті сезім естеліктері қалмақ.

Бұл кештің шырқау шыңында, хореограф Николо Фонтенің «Love’s Lost Idols», яғни, «Махаббаттың ғайып болған дарабоздары» қойылымы көрсетілмек. Аталған балет – «Бұл жалғанның өткінші екенін біле тұра, қалай ғана ғашық болып, әлдекімді бауыр тартамыз?» - деген сұрақтың пластикалық жауабы, лирикалық медитациясы іспетті. Ештеңе де мәңгі емес. Тек, «осы жер», «осы шақ» ұғымы бар. Соны ғана сезініп, осы күй ғана бөленіп, шын мәнінде, бақытқа кенелуге болады. 

Көңіл-күйлеріңізді құбылтуға мәжбүр болғанымыз үшін, алдын-ала ғафу өтінеміз. Әйтсе де, біз тың сезім, өзгеше көңіл-күй сыйлаймыз.

Онлайн билеттер: gatob.kz

Astanaballet.com

Тикетон сайты.

Офлайн билеттер: Абай атындағы МАОБТ кассасы.

Анықтама телефондары: + 7 (727) 272 79 34

 

«Күлше қыз» ертегі-балетінің премьералық көрсетілімі!

Ақпанның 19 мен 23 аралығында Astana Ballet Театрының Алматы қаласындағы гастролі өтеді.

21, 22, 23 желтоқсан бағдарламасы.

«Күлше қыз» ертегі-балеті.

Премьера - 2019 жылғы 20-желтоқсанда, Нұр-Сұлтан қаласында өтті. 

Жанр: екі актілі ертегі-балет.

Ұзақтығы: 2 сағат

Жас шектеуі: 5+

Онлайн билеттер: astanaballet.comgatob.kz, Тикетон сайты.

Офлайн билеттер: Абай атындағы МАОБТ кассасы. Мекен-жайы: Қабанбай батыр көшесі, 110.

Анықтама телефондары: + 7 (727) 272 79 34

 

другие Жаңалықтар