Жаңалықтар

06 Ноября 2019

Шығармашыл жастардың «ЖасSTAR» халықаралық фестивалі

Шығармашыл жастардың «ЖасSTAR» халықаралық фестивалі - Елбасы Қорының дарынды қазақстандықтарды қолдауға және дамытуға бағытталған жарқын жобаларының бірі. Жыл сайын оған Қазақстанның танымал мәдениет және өнер қайраткерлері, сондай-ақ жақын және алыс шетелден келген  спикерлер қатысады. Бірнеше жыл бойы олар еліміздің шығармашыл жастарымен өз тәжірибелерімен және дағдыларымен бөліседі.

 

Биылғы жылы «ЖасSTAR» фестиваліне он жыл толды. Осы уақыттың ішінде Тұңғыш Президенттің Қоры мәдениет және креативтік индустрия саласында бірқатар жас маман саңлақтарын өсіріп-тәрбиеледі. Фестивальдің арқасында көптеген қатысушылар кәсіби өнер әлеміне жол ашты. Ал жоба Қазақстанның дарынды жастарын жиналатын орталығына және оңтүстік астананың визиттік белгісіне айналды.

 

Сүйікті фестивальдің онжылдығына байланысты, Алматы қаласының бас концерт залының сахнасында республиканың шығармашыл жастары «Broadway musical shows» атты үлкен шоу ұсынады. «ЖасSTAR» фестиваліне қатысушылар, Тұңғыш Президент Қорының Лауреаттары, гранттар мен стипендияларының иегерлері әлемдік мюзиклдардың хиттарын орындайды.

 

Мюзкл таңданарлық сұлулығымен қатар,  күрделі сахналық жанрдың бірі болып табылады. Мюзикл қойылымы музыка, хореография және театр өнерімен үндеседі. Осындай бір шоудың шығармашылық бағыттағы синтезі өршіл әрі дарынды жас мәдениет қайраткерлері үшін зор сын-тегеурінге айналды. Олар «ЖасSTAR» фестивалінен алған әсерлері мен шабыттарын 12 қарашада көрсетеді.

 

«Broadway musical shows» концерті -  Қордың шығармашыл жастармен табысты жұмысының кезекті нәтижесін көрсететін тұсаукесері. Келесі жылдан бастап «ЖасSTAR» фестивалі өзінің дамуында жаңа белестерге көтеріледі деген сенімдеміз.

другие Жаңалықтар