Жаңалықтар

01 Января 1970

ALMAQUEST 2019

Өз қаласын, оның тарихы мен дәстүрін, белсенді өмірі мен энергиясын сүйетіндерді нағыз шытырман саяхат күтеді!

15 қыркүйек Қала күнін мерекелеу аясында жұмбақтары мен құпиялары, аңыздары мен сан ғасырлы тарихы бар  аудандар мен көшелерде ALMAQUEST кең көлемді қалалық квесті өтеді.

ALMAQUEST  - екі кезеңнен тұратын және мүмкіндік пен уақытқа байланысты барлығы қатыса алатын қалалық іс-шара:

  1. www.almaquest.kz сайтында тіркелу және финалдық ойынға ұпай санын еселеуге үлес қосатын тестілеуден өту (міндетті емес).

2. Қаланың көшелерімен жаяу немесе велосипед арқылы өтуге болатын квест.

Alma Quest - бұл бір сценарий бойынша біріктірілген тапсырмалар тізбегі бар таңғажайып және көңілді командалық СПОРТ ойыны. Ойынның мәні - қаладағы объектілердің шифрланған орнын мүмкіндігінше тез табу, барлық тапсырмаларды дұрыс орындау, ой жүйріктігі мен білімнің арқасында ақырғы нүктеге жету.

Тапсырмаларды орындау үшін сіздің сүйікті қалаңыз туралы, қаланың негізгі нысандары, тарихи фактілер, туған қалаңызда тұратын адамдар туралы қызықты мәліметтер пайдаланылады.

Ойын онлайн режимінде өтеді. Барлық тапсырмалар ұялы телефонға түседі.

Қатысу ережелері, басталу және аяқталу нүктелері, іс-шараның өтетін уақыты, сонымен қатар сыйлық қоры мен сыйлықтар туралы www.almaquest.kz сайтынан толық ақпарат ала аласыз.

Ақпаратты қадағалаңыз ,жарқын және қызықты ойынды жіберіп алмаңыз.

другие Жаңалықтар