05 Сентября 2019

7-ші қыркүйекте Орталық мәдениет және демалыс саябағының «Шабыт» амфитеатрында «Алматым – іңкәрім менің!» музыкалық ретро-фестивалі өтеді

Қаламыздың ең мейірлі ән кеші – «Алматым – іңкәрім менің!» биыл 18 рет өткізіледі.  Музыкалық ретро-фестиваль 7 қыркүйекте «Шабыт» амфитеатры сахнасында болады. Басталуы сағат 19:00-де. 
Кеште Қазақстан эстрадасының ең жарқын жұлдыздары өнер көрсетеді: 
Қайрат Нұртас, Әлішер Кәрімов, Жанна Орынбасарова, Тамара Асар, Нағима Есқалиева, Арман Қоңыр, Аша Матай, Толқын Забирова, Асхат Тарғын, Айгүл Иманбаева, Нұрлан Еспанов, Рүстем Нұржігіт, Жұлдыз Өмірғали, Ақбота Сейтмағамбет, Парвиз Назаров, Серікбол Сайлаубек, сондай-ақ «Жетіген», «Дос-Мұқасан», «101», «Яшлық»»Нұрлан мен Мұрат» және басқалар. 
Отандық әншілерімен бірге Лайма Вайкуле, Валерий Сюткин, Наташа Королева және Игорь Николаев танымал әртістері ән шырқайды. 
Шабыт жазғы театрының сахнасында 70-80-90-ыншы жылдардың ең белгілі, топты жарған хит әндер орындалады. 

Билеттер бағасы 9500 теңге.  Билеттерді сатып алу және орын таңдау – ticketon.kz сайтында

другие Афиша