09 Августа 2019

«Адамзаттың Абайы» атты іс-шараның БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Өтетін орны:  Абай ескерткішінің алды

(Абай даңғылы мен Достық көшесінің қиылысы)

Өтетін күні: 2019 жылғы 10 тамыз,  

Басталуы: сағат 11.00.

 

Алматы қаласының әкімдігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ұлы Абайдың туған күніне орай жыл сайынғы дәстүрлі  «Адамзаттың Абайы» атты қалалық іс-шара өткізеді.

Іс-шараның мақсаты мен міндеті: Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қоғамдық келісім мен қазақстандық рухани бірлікті нығайту және азаматтарды отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу. Көпшіліктің қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген ықыласын арттыру. Жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту. Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тіл саясатын насихаттау.

Іс-шараға  қатысушылар: Іс-шараға жалпы көрермендер,   зиялы қауым, ақын-жазушылар, мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, БАҚ тілшілері, студент жастар мен оқушылар, өнер сүйер қауым шақырылады.

 Іс-шарада белгілі ақындар ұлы ақынға арнаған арнауларын,   өнер шеберлері Абай әндері мен монологтарын орындайды, жас өнерпаздар Абай өлеңдерін мәнерлеп, жатқа оқиды.

Қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар беріледі. Іс-шара барысы ұйымдастырушылар тарапынан бейнетаспаға және фотосуретке түсіріледі.

Байланыс телефондары: 271-65-92, 263-23-05. 

 

другие Афиша