Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

30 Июля 2019

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау бойынша 2019 жылдың 1-ші жарты жылдығына аналитикалық анықтама

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

1) «Алматы қаласы Мәдениет басқармасы» КММ (бұдан әрі - Басқарма) қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілердегі және құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Басқарма құрылымдарының ұйымдастыру-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

Басқарманың Мемлекеттік сатып алулар және құықтық қамтамасыз ету бөлімі

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау барысында, Басқармамен қабылданған және Басқарманың қызметіне заңға сәйкес нормативтік-құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық заңбұзушылықтарын жасауға ықпал етітін дискрециялық уәкілеттер мен нормалар анықталған жоқ.

 

Басқарманың ұйымдастыру-басқару қызметі бойынша талдау нәтижелері:

 

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы (менеджмент және талдау бөлімі):

талданған мерзімде 1 (бір) қызметкер штат санының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылды.

 2) мүдделердің қақтығысын реттеу (менеджмент және талдау бөлімі):

талданған мерзімде Басқарманың мемлекеттік қызметкерлері арасында ҚР «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 51 бабымен көзделген мүдделердің қақтығысы тіркелмеген.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету (Тарихи-мәдени мұра бөлімі және Архивтер мен құжаттама бөлімі):

Алматы қаласы Мәдениет басқармасымен мемлекеттік қызметтің екі түрі көрсетіледі:

- мәдени құндылықтарды уақытша шығару құқығына куәлік беру; 

- архив  анықтамаларын беру.

Мемлекеттік қызметтерді қарастыру және көрсету кезінде қызмет берушінің  тарапынан (қызмет алушыларға) заңбұзушылықтар орын алған жоқ. Қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсетуден негізді бастарту тіркелген жоқ.

«Архив анықтамаларын, архив құжаттарының көшірмелерін және  архив үзінділерін беру» көрсетілетін мемлекеттік қызметтің регламенті әзірлену деңгейінде.

Регламентті әзірлеу Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі №138 бұйрығымен (2019 жылғы 13 мамырдағы «Архив ісі саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы» №133 енгізілген өзгерістерімен)  «Архив анықтамаларын, архив құжаттарының көшірмелерін және  архив үзінділерін беру» көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартына өзгерістер енгізумен негізделеді.  

«Мәдени құндылықтарды уақытша шығару құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызметінің регламенті Алматы қаласы Әкімдігінің «Алматы қаласы Әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 3/540 «Алматы қаласында көрсетілетін мәдениет саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2018 жылғы 14 маусымдағы 2/303 қаулысымен бекітілген. Алматы қаласы Әкімдігінің қаулысын қабылдау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 22 сәуірде №146 бұйрығымен бекітілген (2018 жылғы 12 қаңтардағы №15 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен) «Мәдени құндылықтарды уақытша шығару құқығына куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандартына өзгерістер енгізумен негізделеді.

 

 

2019 жылдың 1-ші жарты жылдығында келесі мемлекеттік қызмет көрсетілді:

- мәдени құндылықтарды шығару бойынша сараптама комиссиясымен жеке және заңды тұлғалардан 202 өтініш қаралды. Сараптамалардың қорытындылары тиісті хаттамалармен рәсімделді:  «Мәдени құндылығы жоқ» - 200 қорытынды, өтініш иелеріне берілген мәдени құндылықтарды уақытша шығару құқығына 2 куәлік.

Мемлекеттік қызметтердің аталған түрлері қызмет алушылардың талаптарын толық қанағаттандырды. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімінде Қызмет беруші тарапына наразылықтар түскен жоқ.

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының  «Алматы қаласының Орталық мемлекеттік архиві» КММ  2019 жылдың 1-ші жарты жылдығында  12 094 мемлекеттік қызмет көрсетті, соның ішінде Мемлекеттік корпорация (ХҚКО) арқылы – 5 510, «электронды үкімет» веб-порталы арқылы - 2 225.

Мемлекеттік қызметтердің аталған түрлері қызмет алушылардың талаптарын толық қанағаттандырды. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімінде Қызмет беруші тарапына наразылықтар түскен жоқ.

4) рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру:

Басқарманың рұқсат беру функциялары жоқ.

5) бақылау функцияларын жүзеге асыру:

Алматы қаласы Мәдениет басқармасы Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдардың құжат өндірісі жағдайына, құжаттардың сақталуы жағдайына ұйымдастыру-әдістемелік басшылық және бақылау жасайды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрлігінен 2019 жылдың 1-ші жарты жылдығында жоспарлы тексерулер жүргізудің жиынтық жоспары түскен жоқ, сол себепті аталған жұмыс атқарылған жоқ.

6) құрылымның ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге сұрақтар: жоқ.

 

Алматы қ. Мәдениет басқармасының интернет-ресурстарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің мәліметтері - http://www.almatymadeniet.kz/ru/protivodeistvie.

Сонымен, Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасының нормативтік-құқықтық актілерінде, сонымен қатар ұйымдастыру-басқару қызметінде 2019 жылдың 1-ші жарты жылдығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

 

Алматы қаласы

Мәдениет басқармасының

басшысы                                                                            Н. Сыдықов

другие Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл