Жаңалықтар

25 Июня 2019

Қазақстанда алғаш рет Disney «Жұлдыздар шеруі» киноконцертін ұсынады.

 

5 шілде. Алматы қаласы, Республика сарайы, сағат 19.00-де.
Қазақстанда алғаш рет Disney «Жұлдыздар шеруі» киноконцертін ұсынады.
Әйгілі «Арыстан патша», «Су пересі», «Аладдин», «Сұлу мен құбыжық», «Моана» және «Мұзды өлке» анимациялық фильмдерінің саутректерін Отандық әншілеріміз эстрада-симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен шырқатады.
Данияр Отеген, Нурмухаммед Жакып, Адам, Кентал, Данелия Тулешо-ва, Ерден Жаксыбеков, Инди Едильбаев, Жаркынай Шалкар, Балжан Бидаш сіздерді асыға күтуде.
Билетті Ticketon немесе Kassir.kz сайттарында сатып алуға болады.
Концерт ,«Болашақ» корпоративтік қорымен, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған. Билет сатылымынан түскен қаражат «Болашақ» корпоративтік қорының қайырымдылық жобаларына бағытталады.


 

другие Жаңалықтар