Жаңалықтар

10 Июня 2019

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МУЗЫКА МЕРЕКЕСІ (FETE DE LA MUSIQUE) 15/06/2019-21/06/2019

Қазақстандағы Франция Елшілігі 21-маусым күні бүкіләлемдік музыка күнің атап өту үшін жыл сайын өз серіктестерімен біріге отыра арнайы концерттік бағдарламаны дайындайды. Музыка мерекесі – үлкен халықаралық фестиваль. Ол алғаш рет 1982 ж Францияның мәдениет министрі Жак Лангтың бастамасымен ұйымдастырылған болатын. Бүгінгі таңда бұл фестиваль әлемдік деңгейдегі мерекелік шараға айналды.  

2018 жылдың жазы Қазақстанға француз әншісі Джойс Джонатанның және әлемдік деңгейде танымал аккордеонист Ришар Гальяноның келуімен есте қалса, биылғы жыл қазақстандық тыңдарманды Шымкент, Алматы, Қарағанды қалаларына француздық шебер пианистер Максим Зеккини және Давид Бисмуттың, сонымен қатар Филипп ЮИ басқарған театрлық топтың келуімен қуантатын болады.

2019 жылдың музыка мерекесі тек Қазақстанда ғана орын алмай, сонымен бірге Францияның Қырғызстандағы және Францияның Қазақстандағы Елшіліктердің ұйымдастыруымен Қырғызстан елінде де өткізіледі. Шымкент, Алматы, Қарағанды  қалаларында өтетін концерттерден кейін, Максим Зеккини және Давид Бисмут өзінің гастрольдік сапарын Бішкек қаласында аяқтайды.

Осымен Франция Елшілігінің концерттік бағдарламасы шектелмейді: 21-маусым күні француздық театрлық топ «Түркістан сарайының» (Шымкент қ.) сахнасында француздың ұлы композиторы Жак Оффенбахтың «Шуфлери мырза» атты бір көріністі опереттасын орындайды. Бұл жоба топтың  музыкалық директоры Филипп Юидің Қазақстандағы алғашқы жобасы емес. 2018 ж Филипп ЮИ Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясымен Жак Оффенбахтың «Гофман ертегілері» атты операсының негізінде Елорданың 20-жылдық мерейтойына арнап концерт берген.

Фестивальдің басты ұйымдастырушылары: Францияның Қазақстандағы Елшілігі, Францияның Қырғызстандағы Елшілігі, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері.

Біздің демеушілеріміз: «CАС Қазақстан» компаниясы, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, Шымкент қ. Мәдениет үйі және Бішкек қаласындағы П.Шубин атындағы Орталық Балалар музыка мектебі.

Фестивальді ұйымдастыруға, сонымен қатар, Алматы қ. Француз Альянсы, Шымкент қ. Француз Альянсы және  Қарағанды қ. Француз Альянсы атсалысқан.

 

Қосымша ақпарат үшін:

 

Динара НУРКЕНОВА dinara.nurkenova@diplomatie.gouv.fr  / Жобалар және коммуникация бойынша ассистент, Мәдениет пен ынтымақтастық бөлімі, Қазақстандағы Франция Елшілігі,тел : +7 7172 795 119

 

Әртістер туралы ақпарат:

 

 

Максим Зеккини – ТМД елдерінің тыңдармандарына аты мәлім шебер пианист. Ол Ресей, Қазақстан және Түрікменстан елдерінде бірнеше рет өнер көрсеткен. Максим Зеккини – Италиядағы Имола қаласының «Incontri col Maestro» беделді академиясының дипломын алған бірінші француз пианисті. Ол Парижде, Италияда, Австрияда, Германияда өткен көптеген фестивальдарға мен концерттерге қатысып, сонымен бірге Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Жапония, Моңғолия, Уганда, Замбия, Зимбабве, Джибути және Оңтүстік Африка Республикасында әлемдік турне аясында өнер көрсеткен. Жан-жақты музыкант бола тұра ол әнші Джулия Мигенес және  актриса Анук Эмемен жеке концерттер беріп үлгерді. Осыған қоса, Максим композиторлық қырынан да көрініп, көптеген туындының авторы атанып отыр. Ал оның «Пиано Кроссовер» атты студенттерге арналған жинағын Дюран-Салабер-Юниверсал Мюзик компаниясы басып шығарған.

 

Давид Бисмут – Pianiste журналының версиясы бойынша өз заманының ең дарынды он француз пианисттерінің бірі. Оның айқын, әрі терең орындаушылық шеберлігі сыншылар тарапынан жоғары баға алған.

Давид Бисмуттың шығармашылық жолы оның француздық Паделу (Pasdeloup) оркестрімен және әйгілі дирижер Юрий Башмет басқарған ресейлік оркестрмен бірігіп жұмыс жасауынан басталады.

Давид – көптеген халықаралық фестивальдардың қатысушысы. Сонымен бірге, ол жыл сайын Ресейдегі Юрий Башмет басқаратын «Educational Centers for Musicians » орталығында жиі мастер-класстар өткізеді.

 

Концерттер бағдарламасы :

 

15/06 – Шымкент қ. Максим Зеккини және Давид Бисмут, «Түркістан сарайы» концерт залы;

17/06 – Алматы – Максим Зеккини және Давид Бисмут, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының үлкен залы;

20/06 – Бішкек – Максим Зеккини және Давид Бисмут, Бішкек қаласындағы П.Шубин атындағы Орталық Балалар музыка мектебі;

21/06 – Шымкент қ. – «Шуфлери мырза» бір көріністі опереттасы – Филипп Юи (муз.директор), Ив Кудрэ (қоюшы-режиссер), «Түркістан сарайы» концерт залы;

22/06 – Қарағанды Максим Зеккини және Давид Бисмут, «Шалқыма» концерт залы.

другие Жаңалықтар