Жаңалықтар

17 Апреля 2019

«Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің мүшесі Ұлжан Байбосынова Өзбекстанда өткен Халықаралық бахшы (жыршы) фестивалінде жеңімпаз атанды

Ағымдағы жылдың 5-ші сәуірінде Өзбекстан Республикасының Термез қаласында тұңғыш «Халықаралық бахшы (жыршы) өнерінің фестивалі» өтті. Фестивальдің ашылу салтанатына Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев қатысуымен болды. 
1-ші Халықаралық бахшы фестивалінде бахшы өнер додасымен қатар, ұлттық тағамдардың, қолөнер бұйымдарының, халықтың салт-дәстүріне қатысты жәдігерлердің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. 
Бес күнге созылған алғашқы фестивальға Корей, Моңғолия, Малайзия, Венгрия, Сербия, Башкортостан, Түркменстан, Түркия, Әзірбайжан, Болгария, Қырғызстан мен т.б. тәрізді 74 мемлекеттен 160-тан аса өнер иесі қатысты.
Қазақстанның атынан мәртебелі өнер додасына Сыр бойы жыраулық мектебінің үлкен өкілі, атақты Бидас Рүстембековтің шәкірті, жырау Ұлжан Байбосынова қатысты. Доданың қорытындысы бойынша Ұлжан Байбосынова бас жүлдені ұтып алып, өнеріміздің абыройын асқақтатты.
Ұлжан Байбосынова - Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінің директоры, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының аға оқытушысы, Франция әдебиеті мен өнері кавалері орденінің иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

другие Жаңалықтар