Жаңалықтар

19 Марта 2019

Алматыда Наурыз мейрамына Астана алаңы уақытша жабылады

Мерекелік серуендер өтетін баты алаң, іс-шараларға дайындық және олардың өтуі кезінде, яғни  19-24 наурыз аралығында жабық болады ( Төле Би көш. -  Абылай хан және Н.Назарбаев даңғ. қиылысы). Аталған мерзімде Көктемгі күн мен түннің теңелу күніне арналған көптеген іс-шаралар өтетін болады. Жеті жерде бір уақытта концерттер, жәрмеңкелер, шеберлік сабақтары, байқаулар мен көрмелер өтеді.  

Іс-шаралардың басымы Астана алаңында өтпек. Олар: 22 наурызда өтетін «Ұлы даланың - Ұлы күні» атты үлен шара, 23 наурыздағы халықтың сүйікті тобы  - МузАРТ  - тобының жеке концерті. Бұдан өзге, мұнда «Алматы Наурызды қарсы алады» атты спорттық ойындар ұйымдастырылады.

Астана алаңы ел арасында Ескі алаң деп аталады, ол қала тұрғындары үшін демалыстың ең ескі әрі сүйікті орындарының бірі саналады. Астана алаңы кезінде түрлі фестивальдар аясында атақты шетелдік жұлдыздар, сонымен қатар барша отандық әртістер де өнер көрсеткен сахнасы бар, концерттер өткізуге арналған дәстүрлі алаң болып қалыптасқан.

Айта кетсек, «Жастар жылы» болып жарияланған  2019 жылы өтетін Наурыз мейрамы өскелең ұрпақпен бір толқында болу мақсатында, ерекше заманауи әрі серпінді ырғақта өтпек. Мереке қалада өтетін шеруден басталады, ежелгі мерекенің тарихы мен дәстүрлеріне жаңаша көзқарас, перфоманстар мен бірегей нөмірлер ойын-сауықтық пен жас көрермендердің қатыстығы сезімін қамтамасыз етері сөзсіз.

другие Жаңалықтар