Жаңалықтар

15 Марта 2019

Алматыда Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған 7 алаңның бірдей дайындық жұмыстарының соңғы сатысы басталды

Қысқы суықтан кейін табиғатқа жылулық пен үміт әкелетін көктемнің келуі Көктемгі күн мен түннің теңесуі күнін мерекелеуден басталып, жыл басындағы басты оқиғалардың біріне айналмақ.

Мерекелік іс-шаралар үлкен көлемде өткізіледі, себебі қаланың 7 бірдей алаңыхалық серуенінің эпицентріне айналады. Әр алаң кездейсоқ таңдалған жоқ, олардың әрқайсысы: Алматының мәдени, спорттық және тарихи игілігін білдіретін, таңдаулы орындардың бірі саналады. 7 саны - осы бірегей әрі ерекше мерекенің түрлі жеті қырының символына айналмақ..

Төрт мерекелік күн аралығында, 21-24 наурыздың, қала тұрғындары мен қонақтары түрлі концерттерді, жәрмеңкелерді, фестивальдар мен көрмелерді тамашалай алады.

22, 23 наурызда Астана алаңында;

21-24 наурызда  Панфилов көшесінде;

21-24 наурызда Жібек жолы көшесінде;  

22 наурызда  «Almaty Arena» Мұз айдыны маңында;

22 наурызда «Halyk Arena» Мұз айдыны маңында;

23 наурызда «Сұңқар» Халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінің маңында;

22 наурызда «Атакент» көрме кешенінің алдындағы алаңда өтеді.

Ата- баба дәстүріне сәйкес Наурыз мейрамын ерекше ықласпен мерекелеу қажет.  «Ұлыстың Ұлы күні» - Наурыз қазақстандықтарға көпұлтты Қазақстанның мәдениеті мен ата-бабамыздан қалған өсиетті еске түсіруге мүмкіндік береді. Қаланың символдарына айналған -  алма мен қызғалдаққа ерекше көңіл бөлінеді.   

Наурыз мейрамында бүкіл халықтың тұтастай өркендеуінің кепілі тәрізді, жақыныңа деген мейірім мен жанашырлықты еске түсіретін көптеген қайырымдылық шаралар өтеді, келген жылды бірге қарсы алып, жарқын болашақтың іргесін қалауды жалғастырамыз. 

Мерекелеу кезінде жастар ерекше назарда болады, «Жастар жылы» аясында перфоманстар, жәрмеңкелер, ұлттық нақыштағы заманауи өнер көрмелері ұйымдастырылады, сүйікті әртістер өз өнерлерін көрсетеді  

 

 

 

 

 

 

другие Жаңалықтар