Жаңалықтар

15 Марта 2019

Наурыз мейрамына орай МузАРТ тобы негізгі мерекелік сахнада өнер көрсетеді

Сүйікті музыкалық топ 23 наурызда, кешкі сағат 19:00-де «Астана» алаңында үлкен бағдарламасымен өз өнерін көрсетеді.

Ал 22 наурызда қала тұрғындарын мерекелік бағдарлама күтеді, онда Мақпал Жүнісова, Мәдина Сәдуақасова, Мөлдір Әуелбекова сынды әртістер, «Рензо», «Меломен», «Аянат», «Назар» сынды топтар өнер көрсетеді.  

Сондай-ақ, алматылықтарды Түркиядан, Әзірбайжан мен Қырғызстаннан келетін шетелдік музыкалық-би топтары құттықтайды. Шетелдік қонақтар бізбен мерекелік көңіл-күймен бөлісумен қатар, көктемнің келуімен ұштасатын шынайы түркі мерекесін мерекелеудің өздеріне тән дәстүрлерімен таныстырады. 

Түркиядан келген қолөнершілер әдемі ыдыс-аяқ пен шыны әшекей жасауды үйретсе, якут зергерлері асыл тастар туралы баяндайды, ал қырғыз шеберлері ерлерге  ат әбзелдерін жасауды үйрететін болады. Бұған қоса, жәрмеңкеге келушілерді қышқа және жібек матаға өзбек нақышындағы ою-өрнек салуды,  әйгілі түркмен кілемін тоқуды үйрету бойынша қызықты сабақтар күтеді және жаңа ғана ұстаның қолынан шыққан музыкалық аспаптарда ойнау мүмкіндігі ұсынылады.

Алматы, Петропавл, Ақтау мен Түркістаннан келген шеберлер темірден, қыштан, киіз бен ағаштан жасалған өз бұйымдарын таныстырады.  Ал жібектен, жүн мен барқыттан тігілген киімдер сәнқойлардың көңілінен шығады деген сенімдеміз.

Қазақ дәстүрлеріне сәйкес, Наурыз мейрамын «Ұлыстың Ұлы күні» деп аталатын, ерекше ықласпен мерекелеу қажет.  Наурыз отандастырымызға көпұлтты Қазақстанның мәдениеті туралы ата-бабамыздан қалған өсиетті еске түсіруге мүмкіндік береді. Бұл күндері қаланың символдарына айналған -  алма мен қызғалдаққа ерекше көңіл бөлінеді.

Еске сала кетсек, халық серуендері қаланың 7 жерінде қатар өтеді:

22,23 – Астана алаңында;

21-24 – Панфилов, Жібек жолы көшелерінде;

22 -  «Halyk Arena» Мұз сарайында;

22 наурызда –  «Алматы Арена» Мұз кешенінде;

22 наурызда -  «Атакент» ҚІЫО;

23 наурызда - «Сұңқар» Халықаралық трамплиндер кешенінде.

другие Жаңалықтар