Жаңалықтар

13 Февраля 2019

Балалар әлемді бейнелейді» Қоғамдық Қоры

 

«Балалар әлемді бейнелейді» Қоғамдық Қоры

 

Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО мен ИСЕСКО бойынша Ұлттық Комиссиясы мен                         Алматы қ. Әкімдігінің

 

қолдауымен

 

«БАЛАЛАР ӘЛЕМДІ БЕЙНЕЛЕЙДІ»

жобасының 20 жылдығына арналған

 

ЮНЕСКО көлеміндегі жоба ‒

 

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ БАЙҚАУЫН ҰСЫНАДЫ

 

© ® «Балалар Әлемді Бейнелейді» Қоғамдық Қоры, 1999-2019

Барлық құқықтар қорғалған және тек «Балалар Әлемді Бейнелейді» ҚҚ-на тиесілі

Жобаның логотипі және атауы «Балалар Әлемді Бейнелейді» ҚҚ-ның тіркелген тауар белгісі болып табылады.

 

www.drmfund.com

 

 

БАЙҚАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

(Қазақстан үшін)

 

БАЙҚАУДЫҢ ШАРТТАРЫ:

 

Қатысушылардың жасы: 3-тен 17 жасқа дейін

Тақырыпқа, материалдар мен орындау техникасына, шығарманың көлеміне шектеу қойылмайды

Қатысушы мемлекеттер: дүниежүзінің барлық елдері

 

Әр автордан 1-ден артық жұмыс қабылданбайды!

 

Жұмыстар артқы бетке бекітілген үлгі бойынша 2 тілде (орысша, ағылшынша) жазылған түпнұсқа тілінде паспарту мен рамкасыз қабылданады.

 

Сәндік қолданбалы өнер жұмыстары жақсы сападағы және жоғары тұнықтағы сурет түрінде қабылданады. Суреттер (Jpeg немесе PNG), сұранымның формасымен (Word)  бірге orgdrmfund@gmail.com e-mail-іне жіберу керек.

 

Фамилия и имя, возраст ребенка

 

Название работы

 

Техника исполнения

 

Название учебного заведения, область, город, адрес, телефон, и-мейл

 

Контактные данные руководителя

(Ф.И.О., моб. телефон)

 

 

Name and surname, date of birth of the child

 

Title of the work

 

Technique

 

 

Байқаудың өту уақыты мен реті:

 

I іріктеу кезеңі – ақпан-наурыз, 2019 ж. Білім беру ұйымдарының өзінде өткізіледі. Барлық таңдалған жұмыстар жергілікті уәкілге жіберіледі!

 

II іріктеу кезеңі – 2019 ж-дың 1 сәуіріне дейін. Аймақтық іріктеу кезеңіне жауапты қалалық, облыстық көркемсурет мектептерінде өткізіледі.

 

ІІ кезең қорытындысы бойынша іріктелген жұмыстар Алматыға ақтық көрмеге жіберіледі. Іріктелген жұмыстарды қабылдау 2019 ж-дың 25 сәуіріне дейін жүреді.

 

III іріктеу кезең – мамыр, 2019 ж. Ұйымдастырушы комитеттің ұйымдастыруымен Алматы қаласында өткізіледі. Қатысушылардың шығармашылық жұмыстарын іріктеу мен бағалау, сонымен қатар қорытынды жасау байқаудың әділқазыларымен жүзеге асырылады.

 

Финал мен байқаудың үздік жұмыстары альбомының тұсаукесері – 2019 ж. қазаң айының соңы – қараша айының басы, Алматы қаласында өтеді.

 

 

Қатысушыларды марапаттау:

 

  • Аймақтық іріктеу кезеңінен өткен қатысушылар сертификаттармен марапатталады, ал жеңімпаздарға (жұмысы альбомға енгізілгендерге), альбомдар, дипломдар, медальдар табыс етіледі.

 

  • Жобаның Финалына қатысушы барлық балалардың білім беру ұйымдарына (мектеп, студия, шеберханалар, колледждер) альбом, диплом, жүлде беріледі.

 

  • Жеңімпаз қатысушының жетекші педагогы сертификатпен марапатталады.

 

Жұмыстар қайтарылмайды!

 

Ұйымдастырушылар автордың келісімінсіз және авторлық құқықтар ақысы төленбестен жобаны насихаттау және дамыту мақсатында жұмыстарды көбейтуге құқылы.

 

Альбом мұқабасын безендірген жұмыс иесі арнайы сыйлықпен марапатталады.

Жеңімпаздардың жұмыстары қайтарылмайды.

 

Назар аударыңыз! Маңызды!

 

Іріктелген жұмыстарды тек байқаудың облыстағы аймақтық уәкілдеріне жіберу керек! Аймақтық уәкілдердің тізімі осы ереженің соңында бар. Аймақтық іріктеуге жұмысын жібермей, ұйымдастырушы комитетке тікелей (Қорға) жіберілген қатысушылардың жұмыстары қаралмайды!

 

Жұмыстар байқауға тек облыстағы аймақтық іріктеуден кейін қабылданады және жұмыстарды тек аймақтық уәкілдері ғана ұйымдастырушы комитетке жібереді. Ұйымдастырушы комитеттің мекен-жайы:

 

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050026, Әуезов к-сі, 14 а

«Балалар әлемді бейнелейді» байқауына» деген белгімен жіберіледі

 

Ескерту:

 

Барлық байқаулар, жаңалықтар және басқа да өзгерістер жайлы біліп отыру үшін «Балалар әлемді бейнелейді» Қоғамдық Қорының әлеуметтік желілеріне жазылыңыз.

 

www.facebook.com/TheChildrenArePaintingTheWorld

www.instagram.com/drmfund.kz

 

№ 1 Қосымша

Облыстағы аймақтық уәкілдердің тізімі

 

№ 2 Қосымша

Өтінімнің формасы

 

 

 

 

© ® «Балалар Әлемді Бейнелейді» Қоғамдық Қоры, 1999-2019

Барлық құқықтар қорғалған және тек «Балалар Әлемді Бейнелейді» ҚҚ-на тиесілі

Жобаның логотипі және атауы «Балалар Әлемді Бейнелейді» ҚҚ-ның тіркелген тауар белгісі болып табылады.

 

www.drmfund.com

Форма заявки

 

другие Жаңалықтар