Жаңалықтар

06 Декабря 2018

Қазақстан композиторларының “Алтын Арт” байқауы : жеңімпаздар анықталды

Баспасөз-релизі

07.12.2018ж. Алматы қ.

07 желтоқсан күні, «Композитор - Исполнитель – Слушатель: Триединство сегодня» тақырыбына өткен дөңгелек үстел аясында Қазақстан композиторларының «Алтын Арт» байқауының жеңімпаздары аталды. Байқаудың ұйымдастырушысы - Асель Имае, «Арт-Мирай» жеке қорының төрайымы. Жобаға Алматы қаласының Әкімдігі қолдау көрсетті. Байқаудың бас медиа-серіктесі “L’officiel Kazakhstan“ журналы.

Байқаудың қорытындылары қоғамдық сана модернизациясының «Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында -“Композитор - Исполнитель – Слушатель: Триединство сегодня” тақырыбына өткен дөңгелек үстелінде Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының конференц-залында өткен. Дөңгелек үстелдің мақсаты - Қазақстанның композиторлық өнерін дамытумен, дарынды композиторлар мен тұлғалардың шығармашылығын насихаттаудың жаңа тәсілдерін іздеумен, Қазақстанның композиторлық өнеріне олардың үлестерін тануына және олардың шығармашылығына қоғамның назарын тартуымен байланысты өзекті мәселелерді талқылау болып табылады.

Асель Имае, құрылтайшы, Қор басқармасының төрайымы :

Елдің жобаны қуанышты қарсы алғанына, біз өте қуаныштымын.Байқауды жүзеге асыру екі ай мерзімінде біз Астана, Алматы,Орал, Қарағанды, Павлодар, Семей, Шымкент және Өскемен қалаларынан барлығы 40- тан астам байқау жұмыстарын алдық. Біріншіден, барлық байқауға қатысушыларға ұсынған жұмыстарының жоғары деңгейіне алғысымды айтқым келеді, бұл- елімізде шығармашыл жастар, болашақ композиторлар, орындаушылар, дарынды музыканттар көп екенін дәлелдейді, сонымен қатар, Қазақстанның өнер мен мәдениетінің дамуына өз үлестерін қосып, жобаны қолдағаны үшін алғыс айтамын.”

Байқаудың қорытындылары бойынша жеңімпаздар аталды:

Азимбек Джамбаев, Астана қ., «Вариации – Variations» композициясы - I орын, I дәрежелі диплом және 150 000 тг. сомасына сыйлық сертификаты

  • Максим Хлебов, Павлодар қ., «Dance of Wanderers» - композициясы -II орын , II дәрежелі диплом және – 100 000 тг.сомасына сыйлық сертификаты

Карина Измаилова, Астана қ., «Аллегро» - композициясы- III орын, III дәрежелі диплом және - 50 000 тг. сомасына сыйлық сертификаты

 

Сондай-ақ, жеңімпаздардаң шығармалары кәсіби студиясында жазылады және GoldStrings.kz (қазақ академиялық музыкасының Алтын қоры) сайтында ұсынылады.

Естеріңізге салайық, байқаудың негізгі мақсаты - Қазақстанның композиторлық өнерін дамыту, дарынды композиторлар мен тұлғалардың шығармашылығын насихаттаудың жаңа тәсілдерін іздеу, Қазақстанның композиторлық өнеріне олардың үлестерін таныту және олардың шығармашылығына қоғамның назарын тарту. Байқау 2018 жылдың 01 қыркүйегінен басталған, әділқазылар құрамында композиторлық саладағы белгілі шеберлер мен сарапшылар болды: Қазақстан композиторлар Одағының төрағасы- Б. Кыдырбек, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі- К. Шильдебаев, музыкатанушы- А. Мухамбетова, композитор- Ш. Базаркулова, композитор- А. Толукпаев, сонымен қатар тәуелсіз сарапшы -профессор Б.С. Кожамкулова. Байқау екі номинация бойынша өткізілді: “ Кіші формадағы шебер шығарма ” және “Қазақ ән/күйін ішекті-қияқты аспабы скрипка/қобыз /альта/виолончель/контрабасқа салу ” .

Анықтама:

Байқаудың ұйымдастырушысы - «Арт-Мирай» жеке қоры. Асель Имае – құрылтайшы және Қор басқармасының төрайымы

Қордың миссиясы – әлем қауымдастығында қазақ академиялық музыкасын тарату үшін жаңа мүмкіндіктер жасау.

Қордың мақсаты – қазақ академиялық музыкасының әлеуетін дамыту, практикалық және теориялық материалдың жинақталған қоры арқылы барлық әлемге қазақ скрипка мектебінің жоғары деңгейін таныту.

Қосымша ақпарат үшін мына телефондарға хабарласыңыз: 8 701 238 9075, 8 700 545 02 01 немесе zhainar@mail.ru

другие Жаңалықтар