Жаңалықтар

29 Ноября 2018

Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясында Булат Аюхановтың үлкен балет кеші

11 желтоқсан күні сағат 19:00 Жамбыл атындағы Қазақ Мемлекеттік филармониясында Булат Аюхановтың үлкен балет кеші болады.

Бағдарламада ұлы балетмейстер мен биші Рудольф Нуреевке арналған С.Прокофьевтың музыкасына жазылған «Хореографическое буриме» композициясы ұсынылады, композицияға репертуарындағы балеттердің үзінділері кіреді. Қойылым мен хореография Б. Аюхановтікі.

Сонымен қатар, М.Булгаковтың «Мастер и Маргарита» романына И.Корнелюктің музыкасына Г.Камалованың қойылымында ғашықтар Мастер мен Маргаританың махаббаты, Воланның балындағы мыстанның пері ойнақтары мен сиқырлық туралы «Сон Маргариты» атты балеті ұсынылады. Маргарита махаббат үшін күресте Мастерді құтқару үшін өз өмірін қияды.

Сондай-ақ, П.Чайковскийдің музыкасына жазылған «Вальс цветов» және концерттік балет номерлерінен бағдарлама ұсынылады.

Концертке Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық би театрының белгілі әншілері мен әртістері қатысады.

Директоры, көркем жетекшісі – Булат АЮХАНОВ, Қазақстан Республикасының халық әртісі, Халықаралық Сократ сыйлығының лауреаты.

Бас балетмейстері – Гульфида ГАФУРОВА, Қазақстан Республикасы мәдениетінің еңбегі сіңген қайраткері . 

другие Жаңалықтар