ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыру

22 Ноября 2018

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауын түсіндіру

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауын түсіндіру

(2016 жылдың қорытындысы бойынша)

2016 жылы Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауын дәріптеу және түсіндіру бойынша іс-шаралар кешені жүзеге асырылды.

Осы ретте 2015 жылғы 3 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі басымдықтарын талқылау мақсатында Алматы қаласының әкімі Б.Қ. Байбектің төрағалығымен қалалық активтің жиыны өтті.

Қалалық актив жиынына қала әкімінің орынбасарлары, қалалық мәслихаттың депутаттары, аудандар әкімдері және олардың орынбасарлары, қалалық құрылымдар басшылары, белгілі ғалымдар, сарапшылар, ЖОО ректорлары, бизнес құрылымдарының өкілдері, саяси партиялардың, жастар ұйымдарының, этномәдени бірлестіктердің және БАҚ басшылары, барлығы 600 адам қатысты.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының негізгі ережелері мен басымдықтарын түсіндіру бойынша ақпараттық топ құрамы жаңартылып, бекітілді. Аталған ақпараттық топ құрамына 72 адам, оның ішіне қала әкімінің орынбасарлары, аудандар әкімдері, қалалық құрылымдар басшылары, қалалық мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, белгілі ғалымдар, сарапшылар, ЖОО ректорлары, өнеркәсіптік кәсіпорындар, бизнес-құрылымдар, денсаулық сақтау мекемелері, үкіметтік емес ұйымдар және этномәдени бірлестіктер басшылары енді.

Бұдан өзге қалалық ақпараттық топтың жұмысын әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында Жолдау мәтіні мен 1000 дана кітапша шығарылды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауын түсіндіру бойынша қалалық жұмыс жоспары және қалалық ақпараттық топ мүшелерінің қала аудандарына шығу кестесі бекітілді.

Жалпы қалада кәсіпорындардың, әртүрлі меншік түріндегі ұйымдардың еңбек ұжымдарымен, денсаулық сақтау және білім беру саласының жұмысшыларымен, ҮЕҰ және ЭМБ өкілдерімен 2600-ден астам кездесулер өтті. Қамтылған тұрғындар саны 180 000 астам адамды құрады.

Қала тұрғындары арасында тұрақты түсіндіру жұмыстарын дәріптеу және қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жандандыру мақсатында Жолдаудың жүзеге асырылу барысын түсіндіру және оның орындалуын қамтамасыз ету жөнінде аудандар әкімдерінің, қалалық құрылымдар, ҮЕҰ басшыларының БАҚ-та, ӨКҚ брифингінде сөз сөйлеулерінің кестесі бекітілді.

Қатарында мәслихат депутаттары, қалалық құрылымдар басшылары, белгілі қоғам қайраткерлері, қоғамдық пікір көшбасшылары, ҚХА мүшелері, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар басшылары, сарапшылар бар спикерлердің сөз сөйлеулерінің қорытындысы бойынша қалалық газеттерде 400-ден астам мақала жарияланып, «Алматы» телеарнасында 267 сюжет көрсетілді.

другие ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыру