ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыру

22 Ноября 2018

2014 жыл. Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын жүзеге асыру

3 наурыз. Мемлекет басшысының Жолдауы Алматыны дамыту мен модернизациялаудың басты стимулына айналуда

Бүгін Алматыда қала әкімі Ахметжан Есімов пен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің басшысы Әлихан Байменовтың қатысуымен жиын болып өтті.

Жиынға қатысушылар Мемлекет басшысының: «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын талқылады.

Қала әкімі Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы Алматы үшін одан әрі даму мен модернизациялаудың басты стимулына айналғандығын жеткізді. Қазіргі кезде мегаполисте Жолдауды түсіндіру бойынша белсенді жұмыстар жүріп жатыр.

«Қалада алдағы таяу жылдардың стратегиялық бағытын айқындайтын құжатты түсіндіру мақсатында кең ауқымды ақпараттық жұмыстар жүріп жатыр. Қазіргі кезде Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру ісімен бір қалалық, 835 бастамашыл аудандық топтар жұмыс істеуде. Олардың жұмыстары нәтижелі болуда», - деді Ахметжан Есімов

Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің басшысы мегаполистің өзге өңірлермен салыстырғанда ерекше дамығандығын атап өтті.

«Ел өмірінде Алматының орны ерекше екендігі бәрімізге белгілі. Оған мегаполистің әлеуметтік- экономикалық дамуы дәлел бола алады. ҚР Президенті алға қойған мемлекеттік бағдарламалар бұл жерде аса жоғары деңгейде жүзезе асуда», - деді Әлихан Байменов.


20 қаңтар. Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру – әрбір қазақстандықтың тұрмыстық деңгейінің сапалы өсуінің кепілі

Алматылықтар Қазақстан 2050 Стратегиясын жүзеге асырудың алғашқы нәтижелерін сезіне бастады. Бұл туралы бүгін қала әкімі Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын талқылауға арналған жиында атап өтті. Әкім «Қазақстандық жол – 2050» Стратегиясы біздің республикамыздың одан әрі дамуының және әлемнің дамыған 30 елінің қатарына енуінің кепілі деді. Алда тұрған міндеттерді орындауда біздің қаламыздың атқарар ролі ерекше екендігін айтты.

«Соңғы жылдар ішінде өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 5,5%-ға өсіп, 616 млрд. теңгені құрады. Өндірісті өңдеудің үлес салмағы өнеркәсіпте - 78,5%. Алматы қаласы бойынша Индустриализациялау картасы аясында жалпы құны 522 млрд. теңге болатын 28 жоба жүзеге асуда, соның арқасында 5600 жаңа жұмыс орны пайда болуда. Алматының қарқыны жоғары деп ойлаймын, міндет оны төмендетпеу», - деді Алматы әкімі.

Қала басшысы бұлардың барлығын мегаполистің мүмкіндіктеріне сай екендігімен түсіндірді. Алматы - ірі ғылым мен білім, кадрлық потенциал, мұнда өнідірісті және кәсіпкерлікті одан әрі дамыту және мемлекеттік бағдарламаларды қолдау үшін қаржы көздері жетерлік. Сонымен қатар республика Астанасымен қатар Алматы таяу арада еліміздің алғашқы урбаникалық орталығы болмақ.

«Үкіметке 2030 жылға дейін Алматыда агломерацияны қалыптастырудың Стратегиясын жыл аяғына дейін жасау тапсырылды. Агломерация бірыңғай әлемуметтік- экономикалық, инвестициялық кеңістік құруға мүмкіндік береді, соның арқасында әлеуметтік, көліктік, инженерлік қызмет көрсетудің, өңірді табиғи – экологиялық жағынан жетілдірудің ортақ желісі жасалады», - деді Ахметжан Есімов.

Сөзінің соңында Алматы әкімі Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді орындау үшін бірқатар құрылымдық бөлімшелер басшыларына тапсырма берді және экономикадағы оң өзгерістер мен жетістіктер қала тұрғындарының тұрмыстық деңгейінің сапалық өсуін қамтамасыз етуі тиіс екендігін ерекше атап өтті.

Алматы қаласы әкімінің сөйлеген сөзінің толық мәтінін мына жерде көріңіз

другие ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыру