Жаңалықтар

17 Октября 2018

Ыстық және суық су есептегіш құралдарын орнату

Есепке алу немесе есептегіш құралдар - бұл су шығынын өлшеу, жинақтау, ақпаратты сақтау және көрсету құралдары.
Ыстық және суық суды беру коммуналдық кәсіпорындармен келісім-шарт негізінде жүргізіледі. Жабдықтаудың басты талаптары шартта белгіленген, сондықтан жағымсыз жағдайларды болдырмау үшін шарттың мазмұнымен мұқият танысыңыз.
Заң талаптарына сәйкес, қызмет тұтынушысы реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтер есебке алу құралдарына ие болуы міндетті.

1. Есептегішті кім орнатып, ол үшін кім төлеуі тиіс?

Су есептегіш құралдарын орнатумен айналысу құқығына тек лицензияланған ұйымдар ие. Қызметтер жеткізуші өкілдерімен жеке есепке алу құрылғысын (ЖЕҚ) пломбалау сәттінен бастап қабылдау сәтіне дейін жүзеге асырылады.
Есепке алу құрылғысын орнату, ауыстыру тұтынушының есебінен жүргізіледі.

2. Қандай ұйымдар жеке есепке алу құрығысын орнатады (ЖЕҚ)?

Жаңа есепке алу құрылғысын орнату, есептеуішті бөлшектеу (алып тастау), қолда бар есептегішті қайта орнату және тексеру бойынша жұмыстар лицензияланған қызметтер түріне жатады, сондықтан олар осы қызметтерді іске асыруға лицензиясы бар, демонтаждау, монтаждау актілері сияқты тиісті құжаттарды жасақтай отырып, және осы құжаттардың көшірмелерін Тұтынушыға бере отырып, кәсіпорындардың немесе фирмалардың өкілдерімен орындалады.

Алматы қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының «Бастау» ШЖҚ МКК (бұдан әрі – МКК «Бастау») 01.01.2014 жылдан бері суық суды жеке есепке алу құрылғыларын орнатуды және ауыстыруды жүргізеді. ЖЕҚ орнату және/немесе ауыстыру үшін ЖЕҚ орнату бойынша шарт жасасу және қызмет үшін төлем төлеу міндетті болып табылады.

Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу Алматы қаласы бойынша агенттігінің департаменті 04.09.2013 ж. келесі жұмыс түрлеріне баға белгіледі:

  1. ЖЕҚ алғашқы орнату ҚҚС-мен – 10 000 теңге;
  2. қолданыстағы ЖЕҚ ауыстыру ҚҚС-мен – 5 500 теңге.

Толық ақпарат алу үшін келесі телефондар бойынша хабарласуға болады: +7 /727/ 3 777 444 және +7 /727/ 227 60 84 немесе келесі мекен-жай бойынша жолығуға болады: Жароков к-сі 196, №109 кабинет.

3. ЖЕҚ орнату кезінде қандай жағдайларға назар аудару қажет?

Есепке алу құрылғысы ЖЕҚ нұсқаулығына сәйкес орнатылған болуы тиіс, құрығының тұтастығын (пломбасын) тексеру, есептегіштің нөмірін ЖЕҚ куәлігімен салыстыру қажет. Құрылғының дайындаушы зауыттан шығару сәтінен бастап және/немесе орнату сәтінен тексеру сәтінене дейін салыстыру аралық интервалды тексеру есептемесі жасалады.
Лицензияланған ұйыммен берілген ЖЕҚ куәлігі және ЖЕҚ-сын орнату (монтаждау) Актісі ЖЕҚ орнатуды растайтын құжаттар болып табылады.

4. Пломбаны қалай орнату қажет?

Жөндеу жұмыстары кезінде пломбалау тек ғана «Бастау» МКК өкілдерімен жүргізіледі. Пломба ауыстыру осы қызмет түрін жүзеге асыруға лицензиясы бар кәсіпорын немесе фирмамен жүргізілуі мүмкін.

Пломба орнату мерзімі: жеке тұлғаларға (пәтер, жеке үй) – 15 күн ішінде. 

Суық суды есепке алу құрылғыларын пломбалау Жеткізушіні уәкілетті өкілдерімен ТЕГІНжүргізіледі!

5.  Апаттық жағдайда пломбаны алып тастауға бола ма?

Тұтынушыға пломбаны өз бетінше алып тастауға үзілді-кесілді тыйым салынады. Пломба бұзғаны үшін ЖЕҚ көрсеткіштерін соңғы тексеру мен жазып алу күннен бастап құбырлардың толық өткізу қабілеттілігін қалпына келтіру бойынша пломбалау сәтіне дейін суық не ыстық судың құны есептелетін болады. Үлкен шығындарды болдырмау үшін қайта пломбалауға өтінім беріп, «Бастау» МКК-ның өкілін күту қажет.

Тек апаттық жағдайларда ғана ЖПК өкілі тек ғана жеке тұлғалардың соңғы көрсеткіштерін жазып ала отырып, есепке алу құрылғысын тоқтату актісін жасақтау арқылы ЖЕҚ пломбасын алып тастауы мүмкін.

6. ЖЕҚ тексеру

Тексеру тәртібі мен мерзімділігі стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен белгіленеді және есептеуіштің түріне байланысты болады. Құрылғының техникалық куәлігімен анықталатын аралық интервалдың анықталғанынан кейін есепке алу құрылысына тексеру іске асырылады, құрылғы куәлігінде осы үлгідегі құрылғының аралық тексеру интервалынан санау жүргізілетін соңғы тексеру күні белгіленген.
ЖЕҚ тексеру тұтынушының қаражаты есебінен жүргізіледі.
Суды есепке алу құрылғыларына мемлекеттік тексеруді уәкілетті органның аккредиттеуіне ие ұйымдар жүргізеді. Қазіргі уақытта Алматы қаласында мұндай ұйымдардың бірнешесі бар.
ЖЕҚ-сын алмай-ақ тексеруге болады, егер осы қызметтің түріне аккредиттеуі бар қажетті құрал-жабдыққа ие болса.

7. Егер менде ЖЕҚ куәлігі жоқ болса, суық су есептеуіштерін қашан ауыстыру керектігін қалай білуге болады?

«Алсеко» АҚ-ның шоттар түбіртектеріндегі ЖЕҚ тексеруді жүргізу қажеттілігі туралы мынадай мазмұнды ақпараттық мәтін жолы беріледі: «Назар аударыңыз, сізге ... мерзіміне дейін суық су ЖЕҚ-на тексеру жүргізу қажет, олай болмаған жағдайда, есептеу тұратындардың санын ескере отырып жүргізілетін болады». Немесе +7 /727/ 3 777 444 телефон арқылы толық ақпарат ұсынатын операторларға қоңырау шалыңыз.

8. ЖЕҚ көрсеткіштерін өз бетінше қалай беруге болады?

  1. Кәсіпорынның бірыңғай ақпараттық-анықтамалық қызметінің телефоны бойынша +7 /727/ 3 -777- 444.
  2. Тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарында.
  3. «Алсеко» АҚ түбіртектерінің сыртқы жағында орналастырылған кестені толтыру арқылы.
  4. http://www.alseco.kz/.
  5. Сайтындағы жеке кабинет арқылы, тиісті бағдарлама смартфонға орнату арқылы «Алсеко» АҚ жеке кабинетінің көмегімен.

другие Жаңалықтар