Жаңалықтар

17 Октября 2018

Кейін сатып алуға болатын жалдамалы тұрғын үй

Кез-келген адам жеке тұрғын үйге ие болуды қалайды. Алайда, тұрғын үйді сатып алуға әрбір отбасының шамасы келе бермейді. Қазақстанда Аймақтарды дамыту 2020 бағдарламасын іске асыру арқасында, сіздің соңынан сатып алатын жалдамалы тұрғын үй алуға мүмкіндігіңіз бар.

Бағдарламаға халықтың кез-келген санаты қатыса алады. Бүгінгі күні жалдамалы тұрғын үй бойынша үш оператор жұмыс істейді:

  1. «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ;
  2. «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» Ипотекалық Ұйымы» АҚ;
  3. «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ.

1. Пәтерді тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ақ-де алу

Пәтерді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ғы жалдау арқылы Бағдарламалар желісі бойынша осы банкте жинақтау депозиттері бар жас отбасылары меншігіне ала алады.

Тұрғын үйді алуға керекті талаптар

Егер сіз «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да үйді алуға үміткер жас отбасы болсаңыз, сізге келесі талаптарға сәйкес болуыңыз керек:

  1. депозиттегі жинақтардың болуы, ал сіздің отбасыға есептегендегі таза табысыңыз ең төменгі күнкөріс деңгейінің 12-реттік мөлшерінен аспауы тиіс (2016 ж. есептегенде 22 859 тг.);
  2. сіздер бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде 29 жасқа толмаған ерлі-зайыпты болуларыңыз керек немесе некеде екі жылдан астам уақыт тұруларыңыз керек (немесе бұл бір ата-ана, оның ішінде, 29 жасқа толмаған, бала тәрбиелеуші, айырылысқан, жесір болуы мүмкін);
  3. Алматы қ. соңғы екі жыл шамасында тіркеуіңіз болу тиіс;
  4. меншік құқығында тұрғын үй жылжымайтын мүлігінің немесе елдің аумағында одан кейінгі сатып алынатын жалдамалы жылжымайтын мүлігінің болмауы;
  5. Қазақстан аймағында соңғы 5 (бес) жылдың ішінде тұрғын бөлмелерін ауыстыру немесе сізді меншік құқығымен тиесілі тұратын орныңыздан айыру жолымен  тұрғын үй жағдайларын әдейі нашарлату деректерінің болмауы.

Тұрғын үй алуға кезекке тұру

Бағдарламаға қатысуға құжаттарды қабылдау орны мен мерзімі туралы ақпарат БАҚ-да, Алматы қ. келесі ресми ресурстарында www.almaty.kz немесе www.kt.kzwww.today.kz «ТҮЖБ»АҚ интернет ресурсында жарияланады. Бағдарламаның бағытын, азаматтардың санаттарын, тұрғын үйдің сипаттамаларын, құжаттарды қабылдау орындарын, құжаттарды қабылдау күнінің басы мен соңын көрсете отырып, тұрғын үйді іске асыру шарттары туралы хабарламаларды шығарғаннан  кейін сіз «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ қаражаттары жүйесіне қатысушы ретінде тұрғын үй алуға egov.kz. электронды үкімет порталына кезекке тұру үшін өтінішті рәсімдеу керек.  

2. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ақ-на өтінішті қалай рәсімдеу керек (нұсқасы)

  1. ЭЦҚ (электронды цифрлік қолтаңба) алыңыз;
  2. тіркеліп, бағдарламада қатысуға өтініш тапсырыңыз;
  3. өтінішке құжаттардың сканерленген көшірмелерін, ал олар болмаған жағдайда ақпараттық жүйеге төмендегі құжаттарды салыңыз:
  • сіздің жеке тұлғаңыз бен отбасыңыздың мүшелерін куәландыратын құжат (жолдасының (жұбайының) жеке куәлігі сіздің отбасыңыз толық болғанда тапсырылады); 
  • сіздің және сіздің отбасыңыздың мүшелерінің (жолдас (жұбайы), балалары) тіркелуі туралы мекен-жай анықтамасы, мекен-жай анықтамасын қалай алу керектігін толығырақ мұнда біле аласыз;
  • неке қию туралы куәлік (айырылысқан жағдайда - айырылысу куәлігі), жолдасының (жұбайының) қайтыс болғаны туралы куәлік, өтініш берушінің некеде тұрмайтыны туралы куәлік (егер отбасы толық емес болса);
  • сіздің және сіздің отбасыңыздың ҚР аумағында меншік құқығындағы жылжымайтын мүліктің немесе кейін сатып алынатын жалдамалы пәтерінің жоқтығы/болуы туралы анықтама, жылжымайтын мүліктің жоқтығы/болуы туралы ақпаратты мұнда алуға болады;
  • жылжымайтын мүліктің тіркелген құқықтары мен оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама (үлесі, саман немесе қаңқа-қамысты типті үйлер, жатақханалардағы бөлмелері болған жағдайда), сонымен қатар, осы жағдайлардағы меншік құқығының пайда болуын растаушы құжаттар;
  • соттың басқа тұлғаларды отбасы мүшелері деп мойындау туралы шешімі;
  • сіздің өтініш беруші ретіндегі еңбекақыңыз туралы анықтама;
  • сіздің және/немесе сіздің жолдасыңыздың (жұбайыңыздың) мемлекеттік мекемелерде, бюджеттік ұйымдарда немесе білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс істеу жағдайында жұмыс орнынан анықтама;
  • отбасы мүшесінің мүгедек болуын немесе созылмалы аурумен ауыруын растайтын анықтама (мүгедек отбасы мүшесі болған жағдайда);
  • өтініш беру сәтінде Астана немесе Алматы қалаларында кемінде екі және одан да көп жыл тұратындығын растаушы құжат;
  • өтініш берушінің немесе оның жолдасының (жұбайының) «жетім және ата-ананың қамқорынсыз қалған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, кәмелеттікке дейін ата-анасынан айырылған балалар» дәрежесін растайтын құжаттары;
  • тұрғын үйді қажет ететіндерді Бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтіндегі кезегінің нөмірі көрсетілген есепке тұру туралы мәлімет (егер сіз Алматы қ. Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы Басқармасында халықтың әлеуметтік әлсіз санатына арналған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді қажет етуші ретінде кезекте тұрсаңыз);
  • Алматы қ. Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының тұрғын үй инспекциясымен берілген тұрғын үйдің техникалық күйі туралы  тұжырымдама.

Бағдарламаға қатысуға өтініштер мен құжаттар тұрғын үйді қолдануға тапсыруға дейін жарты жыл бұрын қабылданады.

Алматы қ. ресми интернет ресурсында «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да төлемақы төлеу қабілетін бағалауға бағыттама алушы үміткерлердің бастапқы тізіміне қосылған өтініш берушілердің тізімі жарияланады.  

Төлемақы төлеу қабілетін растауға бағыттама алу үшін сіз Алматы қ. Тұрғын үй мен тұрғын үй  инспекциясы басқармасына келуіңіз керек. 7 жұмыс күнінің ішінде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ сіздің ұсынған бағыттамаңызды қарастырып, сізге төлемақы төлеу қабілетіңіз туралы мәлімдеме береді. Бұл мәлімдемені сіз бағыттманы алған сәттен бастап 20 күннің ішінде төлемақы төлеу қабілетін растау үшін Алматы қ. Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына тапсыруыңыз қажет.  

Төлемақы төлеу қабілеті расталғаннан кейін сіз банкпен қосымша келісім жасап, оны да Алматы қ. Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына тапсырасыз. Одан кейін сіз «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ң депозитіне  кепілдеме жарнаңызды саласыз. Сіздің жинаған қаражаттарыңыздың соммасы кепілдеме жарнасының мөлшеріне тең немесе одан артық болса, кепілдеме жарнасын төлеудің қажеті жоқ.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: банкпен қосымша келісім жасасу.

3. Өтініш берушілер қалай таңдалады

Жалдамалы тұрғын үйлерді бөлу үшін төлемақы төлеу қабілетін растаған өтініш берушілерді Алматы қ. тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы бсқармасы балдық жүйе бойынша таңдайды (ең көп балл саны бойынша). Кейін сатып алынатын жалдамалы пәтерді алушы үміткерлердің тізімі сайтта көрсетіледі.

Пулдарды жасау, тұрғын үйді бөлу және сатып алу тәртібі «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ң ішкі құжаттарымен анықталады. Тұрғын үйді бөлу бойынша конкурстың барлық сатыларынан өткен жағдайда сіз жалдау шартын жасау үшін Алматы қ. тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына барасыз.

Сізге Аймақтардың даму бағдарламасы шеңберінде жалдауға пәтен берілген жағдайда бастапқы жарнасын төлеудің қажеті жоқ. Тұрғын үй 8 жыл мерзімге жалдауға беріледі, сол уақыт ішінде сіз пәтер бағасының 50%-н жинап алуыңыз керек. Сіздің ай сайынғы төлейтін жалдау соммасы осында жиналады. Уақыты өткеннен кейін, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ сізге несиені мерзіміне дейін жабу мүмкіндігімен қарызға 15 жылға дейінгі мерзімге пәтер бағасының қалған жарты соммасын береді.

4. Егер сізде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да депозит болса және ол мерзім сайын толтырылып отырса

Сіз «Барлық санаттар үшін» бағытындағы банк желісі бойынша тұрғын үйді сатып алуға қатыса аласыз.

Егер сіз Қазақстанның азаматы (азаматшасы) болсаңыз немесе дәрежеңіз оралман болса, осы бағытта қатыса аласыз.

5. Қатысушыларға қандай талаптар қойылады?

Қатысушыларға келесідей талаптар қойлады:

  1. Қазақстан азаматтығы немесе оралман дәрежесі;
  2. Қазақстан Республикасының аумағында соңғы бес жылдың ішіндегі тұрғын үй жағдайын әдейі нашарлатпауы (өз тұрғын үйін сату);
  3. соңғы 5 жыл ішінде ерлі-зайыптылардың және олардың отбасы мүшелерінің (кәмелетке толмаған балаларының) атында жылжымайтын мүлік, кейін сатып алынатын жалдамалы пәтер немесе меншік құқығындағы тұрғын үй, жалпы бірлескен меншігі, төмендегі жазылғандарды қоспағандағы отбасының басқа мүшелерінің жалпы бірлескен (үлестік) меншігін құрайтын үлестік меншіктегі үлестері болмауы керек:
  • жатақханаларда отбасының әр мүшесіне есептегенде  ауданы кемінде 15 шаршы метр болатын бөлмелердің болуы;
  • апаттық күйі, құлау (бұзылу) қаупі тиісті анықтамамен расталатын  саман және қаңқа-қаысты тұрғын үйлерінің болуы.

      4. қатысушылардың тұрғын үй жағдайларын әдейі нашарлту деректерінің болмауы;

      5. тіркелген неке мерзімі – кемінде 3 жыл;

      6. Алматыда тұрақты тіркелу мерзімі екі жылдан кем емес.

Бағдарламаға қатысу кезінде сіз келесідей жағдайларда үстем боласыз:

  1. бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде егер сіз 4 және одан да көп бала тәрбиеленетін, ерлі-зайыптылардың бірі 35 жасқа толмаған болса көп балалы отбасылар санатына жатсаңыз;  
  2. егер сіз бала тәрбиелеп отырған толық емес отбасы санатына жатсаңыз (соның ішінде, айырылысқан, жесір болсаңыз), шарт бойынша – сіздің жасыңыз бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде 35 жастан аспауы тиіс;
  3. егер сіз мүгедек баланы тәрбиелеп отырған 35 жасқа дейінгі жас немесе толық емес отбасы санатына жатсаңыз.

6. «Қазақстандық ипотекалық компания» ИҰ» АҚ-нан жалдамалы тұрғын үй алу

«Қазақстандық ипотекалық компания» ИҰ» АҚ операторы арқылы іске асырылатын пәтерлер бірінші кезекте Алматы қ. тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасында тұрғын үйді алуға кезекте тұрған халықтың әлеуметтік әлсіз тобына есептелген. Атап айтсақ:

  1. көп балалы отбасылар; 
  2. толық емес отбасылар;
  3. мүгедек балалар тәрбиеленетін отбасылар;
  4. жетімдер мен ата-ананың қамқорынан айырылған балалар;
  5. мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік сала жұмыскерлері;
  6. әскери қызметкерлер мен арнайы мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері;
  7. оралмандар.

Бағдарлама бойынша өтініштерді қабылдаудың басталуы туралы хабарлама (Алматы қ. үшін) бұқаралық ақпарат құралдарына, сонымен қатар «Қазақстандық ипотекалық компания» ИҰ» АҚ ресми сайтында, www.almaty.kz ресми сайтында жарияланады.

Тұрғын үй алуға кезекке тұру

Жалдамалы тұрғын үй алу үшін сізге Алматы қ. Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына бару керек.

Ол үшін сізге келесі құжаттарды ұсыну керек:

  1. белгілі пәтер типіне өтініш;
  2. өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке тұлғасын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасы отбасы мүшелерінің: ерлі-зайыптылардың, ата-аналардың және балалардың арасындағы құқықтар мен міндеттерді, мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды белгілейді);
  3. некеге тұру (некені бұзу) туралы, жолдасының/жұбайының қайтыс болуы туралы, балалардың туу туралы куәлік, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы мәлімдеме; 
  4. сіздің және сіздің отбасыңыздың ҚР аумағында меншік құқығындағы жылжымайтын мүліктің немесе кейін сатып алынатын жалдамалы пәтерінің жоқтығы/болуы туралы анықтама. Жылжымайтын мүліктің жоқтығы/ болуы туралы ақпаратты мұнда алуға болады;
  5. мекен-жай анықтамасы. Мекен-жай анықтамасын қалай алатынын мұнда білуге болады;
  6. өтініш берушінің жұмыс орнынан алынған анықтама;
  7. отбасы мүшесінің мүгедек болуын немесе созылмалы аурумен ауыруын растайтын анықтама. Анықтаманы қалай алатынын мұнда білуге болады;
  8. Бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде кезек нөмірін көрсете отырып,  тұрғын үйді қажет етуші ретінде Алматы қ. тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына есепке тұру туралы мәлімет;  
  9. табыс туралы анықтама (жұмыс орнынан еңбекақы туралы анықтама);
  10. сіздің санатқа қатынасыңызды растаушы құжат:  
  • Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген тұлғалар;
  • жас бойынша зейнеткерлер;
  • оралмандар, толық емес отбасылар.

Қызмет көрсетудің ақырғы нәтижесі: Алматы қ. тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасына жалдамалы тұрғын үйлерді алуға үміткерлерінен құжат алғаннан кейін үстемдігі мен кезектілігін ескере отырып, әлеуетті жалдаушылардың тізімі жасалады.  

Төлемақы төлеу қабілетін растаған өтініш берушілерді таңдау

Таңдаудан өткен үміткерлер төлемақы төлеу қабілетін растау үшін «Қазақстандық ипотекалық компания» ИҰ» АҚ-на жіберіледі және жағымды тұжырым жасалған жағдайда - «Қазақстандық ипотекалық компания» ИҰ» АҚ-мен жалдау шартын жасау керек.  

Тұрғын үй онда 5 жыл тұрғаннан кейін сатып алу құқығымен 20 жыл уақытқа жалға беріледі.

7. «Самұрық-қазына» Жылжымайтын мүлк қоры» АҚ-нан жалдамалы тұрғын үй алу

«Самұрық–Казына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі оны сатып алу жоспарланатын жерден меншігінде тұрғын үйі жоқ төлемақы төлеуге қабілетті халықтың арасында  сатылады. Тұрғын үй бағасы тенгемен алынған және ауытқымайды. Тұрғын үйдің Алматы қ. әкімдігі немесе «Самұрық-Казына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ арқылы сатылуына байланысты сіз оны сату шарттары туралы ақпаратты almaty.gov.kz немесе fnsk.kzресми сайттарынан ала аласыз.

Тұрғын үйді қор арқылы алу кезінде төмендегілерді орындау қажет:

  1. ЭЦҚ (электрондық цифрлік қолтаңба) алу;
  2. жалдамалы тұрғын үй алуға өтініш беру үшін https://dom.fnsk.kz/ сайтында тіркелу.

Қызмет көрсетудің аралық нәтижесі: сайтта жазылған өтініштерді қабылдау мерзімінің аяқталуына қарай жалдамалы пәтер алуға кезекте тұрғандардың тізімі жасалады.  

Тұрғын үй алуға кезекке тұру

Қажетті құжаттарының тізімі бар үміткерлер Жылжымайтын мүлік қорының басқарушы компаниясына тікелей барады.

Жалдамалы пәтер алуға өтініш беруге қажетті құжаттар:

  1. өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктері - түпнұсқалары мен көшірмелері (Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасы отбасы мүшелерінің: ерлі-зайыптылардың, ата-аналардың және балалардың арасындағы құқықтар мен міндеттерді, мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды белгілейді);
  2. өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің соңы үш жылдың ішінде тұрғын үйлерінің болмағанын растаушы анықтама. Жылжымайтын мүліктің жоқтығы/болуы туралы анықтаманы қалай алу керектігін мұнда біле аласыз;
  3. некеге тұру туралы, некені бұзу туралы куәлік (түпнұсқалары мен көшірмелері), жолдасының/жұбайының қайтыс болуы туралы куәлік (болған жағдайда), балалар болса оларды туу туралы куәлігі (түпнұсқалары мен көшірмелері);
  4. ЖТМС (жалдау төлемақысының максималды соммасын) есептегендегі  банктің ресми бланкінің түпнұсқасы;
  5. бар тұрғын үйдің құқығын белгілеу құжаттарының, тұрғын үйдің техникалық төлқұжаттарының, мекен-жай анықтамасының (нотариалдық куәландырылған) көшірмелері. Құқығын белгілеуші құжаттарға не жататынын мұнда біле аласыз. Осы құжаттардың түпнұсқалары банкте кепілде болған жағдайда, олардың банкпен куәландырылған көшірмелерін, сонымен қатар, құжаттардың кепілде екендігі туралы хатын ұсыну керек;  
  6. өтініш берушінің, қосалқы қарыз алушының (сіздің табыстарыңыз жалдамалы тұрғын үйді алуға жеткіліксіз болса) некеде тұрмайтындығының (егер өтініш беру сәтінде өтініш беруші немесе қосалқы қарыз алушы некеде тұрмаса) нотариалды куәландырылған мәлімдемесі;
  7. өтініш берушінің отбасының кәмелетке толмаған мүшелерінің туу туралы куәліктері (түпнұсқалары мен көшірмелері);  
  8. алғашқы жарнаны енгізу мүмкіндігін растау үшін банктен алынған ақшалай қаражаттардың болуы туралы анықтамасының түпнұсқасы;
  9. өтініш берушінің құжаттарды ұсынуға сенімхатының түпнұсқасы (қажет болса).

Төлемақы төлеу қабілетін растаған өтініш берушілерді таңдау.

Егер сіздің жалпы отбасылық табысыңыз аз болса, барлық несие карталарын, онымен қоса, өзіңіздің пайдаланбаған карталарыңызды да жабу керек. Сізде мерзімі жарты жыл және одан да көп болатын ресми зейнетақы аударымдары болуы қажет. Бұл сіздің қосарлы қарыз алушыңызға да қатысты болады.

другие Жаңалықтар