Жаңалықтар

27 Августа 2018

25 тамыздан 30 қыркүйекке дейін Алматыда 100 –ден артық іс-шара өтеді

Қала күнін тойлау аясында Алматыда тамыз айынан қыркүйек айына дейін 100 іс-шара өткізу жоспарланған, оның ішінде, 50- ден артық мәдени-жиын. Онтүстік астанаға Франциядан, Словениядан, Жапониядан, Италиядан, Германиядан Ресейден, Белорусьтан және т.б. шығармашылық ұжымдар мен суретшілер келеді.

Республика аймақтары мен шет елдерінің қонақтары үшін, сонымен қатар мегаполис тұрғындары үшін классикалық, ұлттық және заманауи музыка әртістерінің орындаулары, тағам мен монументалды-сәндік өнерінің фестивалі, көрмелер, перфоманстар, сатиралық шоу және т.б. енгізуімен бағдарламалар әзірленген.

Сондай-ақ, бағдарлама аясында «Көк-Төбе опера - 2018» классикалық музыка фестивалі,«ARТBAT fest»заманауи өнерінің Халықаралық фестивалі, «Фестиваль оркестров» ашық аспан астындағы оркестр музыкасының фестивалі , «KITAP FEST» кітаптар фестивалі, «Family Festival» Отбасы күні, «Almaty garden show» Халықаралық бақшалар фестивалі , «GAKKU дауысы» Қазақстан музыка фестивалі , «ALMA Fest» қалалық дәстүрлі алмалар фестивалі, Muzzone Dance Party, монументалды-сәндік өнер бойынша Халықаралық фестиваль, «Mural», «RedBull FMX JAMS», «Almaty Film Festival» мото фристайл, «Junior Eurovision» жобасы, Алатау ауданының 10 жылдығын тойлау, «Almaty Fest Big City Picnic» кілем бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі, «Қазақстан Камератасы» Мемлекеттік оркестрінің орындауы және т.б. қарастырылған.

Ай бойы, күн сайын қаланың негізгі алаңдарында: «Астана» алаңында, «Абай» алаңы мен Almaty Arena алдында, ҚР Тұңғыш Президент саябағында, Панфилов және Жібек Жолы көшелерінде бағдарламалар әзірленеді.

Заманауи музыкасының құмарлары үшін атақты ди-джейлер, хип-хоп, POP-индустрия өкілдерінің сонымен қатар отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен музыкалық премиялар мен фестивальдері ұйымдастырылған. Классикалық және халық музыкасының құмарлары Алматыда Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық опера мен балет театрының орындауларымен, италия теноры Винченцо Констанцтың дауысын ести алады, Құрманғазы атындағы ұлттық аспаптардың қазақ Мемлекеттік академиялық оркестр, Н.Тлендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорды- этнографиялық оркестрінің қосылуымен, «Сазген сазы» фольклорды- этнографиялық оркестріні,Алматы қаласы әкімінің эстрадалық- симфониялық оркестрінің, ҚР Мемлекеттік үрмелі оркестрінің шығармаларын ести алады.

Әзіл мен юмор құмарлары «Однажды в Росии» сатиралық шоу әртістері қойылымдарын көре алады.

Іс-шаралардың толық тізімі туралы ақпарат Алматы қаласы әкімінің сайтында беріледі.

другие Жаңалықтар