Жаңалықтар

27 Августа 2018

«Altyn Art» (Алтын Арт) Қазақстан композиторларының бірінші байқауына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталды

2018 жылдың 01 қыркүйек күні «Altyn Art» (Алтын Арт) Қазақстан композиторларының бірінші байқауына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталды. Сыйақының негізгі қалаушысы «Арт-Мирай» жеке қоры. Байқау Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне шектелген. Бас Медиа серіктесі L'Officiel Kazakhstan журналы.Алматы қаласының әуімдігі, Dalatunes, Classic радиосы жобаға қолдау көрсетті.

Байқаудың негізгі мақсаты- талантты композиторлар мен шығармашылық тұлғаларды анықтау, Қазақстанның композиторлық өнерінің дамуына қосқан үлесін мойындау және олардың шығармашылығына кең жұртшылықтың назарын аудару.

Сыйақы екі номинацияда беріледі:

  1. Скрипка / қобыз /альта / виолончель / контрабас садақшы аспапқа арналған арналған кішігірім формадағы шығарма.

 

  1. Скрипка / қобыз /альта / виолончель / контрабас садақшы аспапқа қазақша ән/күйді салу.

 

Байқауға кәсіби композиторлар, сондай-ақ, музыкалық колледждер мен ЖОО –ның композиторлық шеберліктерін жетілдіру кафедрасының студенттері, 15-тен 40 жасқа (қоса алғанда) дейінгі Қазақстан азаматтары қатыса алады.

Бұрын жарияланбаған, орындалмаған кішігірім формадағы шығармалар қабылданады.

Әділқазылар құрамында композиторлық шеберлік саласының шеберлері мен сараптамашылары: - Қазақстанның композиторлар одағының төрағасы Б. Кыдырбек, Қазақстанның композиторлар одағының мүшесі К. Шильдебаев, музыкатанушы А. Мухамбетова, композитор Ш. Базаркулова, композитор А. Толукпаев, сондай-ақ тәуелсіз сараптамашы-профессор Б. Кожамкулова.

Конкурсқа қатысу үшін электронды өтінімдерді қабылдау 2018 жылдың 1 қазанына дейін жүргізіледі. Конкурстық жұмыстарды қабылдау 2018 жылдың 1 қарашасына дейін жүзеге асырылады. Өтініш нысаны мен конкурстың деректемелері www.altyn-art.kz конкурстың ресми сайтында жарияланған. Байқаудың нәтижелері 2018 жылдың 15 желтоқсанына дейін жарияланатын болады.

Асель Имайо, негізін қалаушы, «Арт-Мирай» Қорының басқарма төрағасы:

«Байқау лауреаттары дипломдар мен ақшалы сыйлықтармен марапатталады. Қосымша, байқауға қатысқан барлық оқу орындары мен жеңімпаз-студенттердің кураторлары дипломдармен марапатталады.Жеңімпаздардың шығармалары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған концерттер бағдарламаларына енгізіледі, сонымен қатар кәсіби студияларда жазылып қазақ академиялық музыкасы алтын қорының GoldStrings.kz сайтында ұсынылады. Байқаудың ерекшелігі- барлық қатысушылар нәтиже жарияланғанша дейін белгісіз боп қалады. Өтінім тіркелгеннен кейін қатысушының әр шығармасына жеке нөмір беріледі.Әділ төрешілік үшін әділқазыларға жұмыстар автордың белгіленуісіз беріледі».

Анықтама:

Байқаудың ұйымдастырушысы «Арт-Мирай» жеке қоры. Қордың миссиясыәлемдік қоғамдастықта қазақстандық академиялық музыканы таратудың жаңа мүмкіндіктерін құру. Қордың мақсаттары – балалар музыкалық мектептері мен колледждеріндегі қазақ музыкасын оқытудың әдістерін жетілдіру, сақтап, әлемге қазақ академиялық музыкаының үздік үлгілерін таныту және Қазақстан жастарының, жақын және алыс шетел тұрғындарының арасында танымал ету.

Асель Имайо – өнертану магистрі, негізін қалаушы және қордың басқарма төрағасы Имаё ханым Астанадағы Қазақ ұлттық музыка академиясының жетекші оқытушысы профессор Раиса Мусаходжаеваның класын және Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ҚР еңбегі сіңірген қызметкері профессор Балым Кожамкулованың класын бітірген. 2005-2006 жылдарда белгілі қазақстандық виртуоз- скрипкашы Марат Бисенгалиев жетекшілік еткен Батыс-қазақстандық филармония оркестрінің құрамында болған. 2007 жылдан бастап (компания құрылған күнінен) Imayo Creation (Имайо Криэйшн) ЖШС басшылық етеді. Мынадай астаналық ұжымдарда жұмыс істеген: К.байсеитова атындағы опера мен балет ұлттық театры, (оркестр әртісі, оркестр концертмейстері), Эстрадалық-симфониялық оркестрінің әртісі, ІІМ мен Мемлекеттік академиялық филармониясының оркестрі. 2013 жылдан осы күнге дейін Марат Бисенгалиев жетекшілік ететін Алматы симфониялық оркестрінің бірінші скрипкасы.
Байқауға қатысты барлық сұрақтар бойынша төменгі байланыс телефондарына хабарласуға болады: +77005450201 Айгуль Касенова, 8 727 328 02 08, info@artmirai.com

 

другие Жаңалықтар