Жаңалықтар

01 Августа 2018

Алматыда монументалды өнердің «MURAL FEST» фестивалі ашылды

Алматыда монументалды өнердің «MURAL FEST» фестивалі ашылды

Халықаралық «MURAL FEST» фестивалі Алматыда 3-ші дүркін өтуде. Жыл санап қатысушы елдердің саны артып келеді. 2016 жылы Фестивальға 4 ел ғана қатысқан: Қазақстан, Қырғызстан, Украина мен Ресей. 2017 жылы Фестивальға суретшілер 5 елден келді; жоғарыда айтылған ТМД елдеріне Ұлыбританиядан келген шетелдік райтер қосылды. Биылғы жылы көше өнерінің шеберлері 6 елден келуі күтілуде.

Бірінші болып жұмысқа Украинадан келген суретші – Андрей Кравченко – кірісті. Украиндық суретші үйдің қасбетін, Шеге лақап атымен кеңірек танымал, қазақстандық суретші Владимир Гвоздевтің туындысымен орындауды. Туындының аты «Ән», оның түпнұсқасы 2008 жылы орындалған. Орындау техникасы кілем тоқуды елестетсе де, бұл туындының түпнұсқасы майлы бояумен кенепте салынған.

Туындының идеясы суретшінің жастық шағындағы естеліктері, ол кезде достар бірге жиналып, түрлі ән салатын, бірге тамақтанатын, сырласатын. Суретшінің бұл туындысында көз бен мұрын әдейі салынбаған. Бәрі сезіну, түйсіну, сезім, эмоция деңгейінде өтеді; себебі олар бір-бірін бұрыннан біледі …

Владимир Гвоздев – Шеге – оның туындысын үйдің қасбетіне аудару туралы ұсынысты шабытпен қарсы алды. Мурал Жароков пен Тимирязев көшелерінің қиылысында орын алады, шын мәнінде ол барлық тұстан көрінетін болады. Бір қызығы, Шеге соңғы жылдары осы маңда өмір сүрген екен.

www.drmfund.com

 

другие Жаңалықтар