Жаңалықтар

06 Июня 2018

«Төлеген мен Қыз Жібек» ескерткішінің ең үздік жобасына ашық конкурсы туралы

2018 жылғы 6 маусым - 6 шілде аралығында Алматы қаласының Мәдениет және архивтер басқармасының «Төлеген мен Қыз Жібек» ескерткішінің ең үздік жобасына ашық конкурс өткізіледі. 

Мақсаты: Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөніндегi Мемлекеттiк комиссияға ұсыныс енгізу мақсатында «Төлеген мен Қыз Жібекке» арналған ескерткіштің үздік мүсіндік-көркемдік шешімін анықтау.

Ескерткіш (мүсіндік туынды) «Қыз Жібек»  лиро-эпостық дастанының, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсының  идеялық  мағынасын, көркемдік образдық мазмұнын кеңінен ашуы, айналадағы сәулеттік және ландшафтық көрініспен үйлесуі, мәңгілік құндылықтар – ерлік пен махаббатты мадақтау.

Конкурсқа жеке авторлар және авторлық ұжымдар қатыса алады.         

Жобалар 2018 жылдың 6 шілдесінен кешіктірілмей мына мекенжайға: 050000, Алматы қаласы, Республика алаңы,4, Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасы, 444 кабинетке тапсырылады.

Басқа қалалардағы авторлар жобаларды белгіленген мерзімнен кешіктірмей пошталық түбіртек нөмірін алдын ала хабарлай отырып Алматы қаласы Мәдениет және архивтер басқармасының мекенжайына жіберуі қажет.

Қосымша ақпараттар мен анықтамаларды 8 (727) 272-11-09 телефоны  арқылы алуға болады.

другие Жаңалықтар