Жаңалықтар

30 Марта 2018

IX «БҮГІНГІ ФРАНЦУЗ КИНОСЫ» КИНОФЕСТИВАЛІ

12 және 15 сәуір аралығында Қазақстанда тоғызыншы «Бүгінгі француз киносы» кинофестивалі болып өтеді. Кинофестиваль әдеттегідей көрерменге француз киносының ең үздік маржандарын ұсынып, таңғажайып хикаялар мен француз актерлерінің тамаша ойындарын тамашалауға шақырады.

Биылғы жылдың бағдарламасына кірген фильмдер алуан түрлі жанрларды қамтиды: комедия, мелодрама, экшн және «Қысқа метр» бағдарламасы. Қазақстандықтар Джонни Холлидей соңғы рөлін сомдаған, Оскар сыйлығының бірнеше мәрте иегері Клод Лелуштың фильмін тамашалайды. Көрнекті актриса Изабель Юппердің қатысуымен де жаңа фильм болады. Сонымен қатар Люк Бессон продюсерлік еткен «Такси 5» фильмінің тұсауы кесіледі. Көпшілік күткен фильм әлемдік прокатқа 12 сәуір – фестивальдің Алматыдағы ашылуы күні шығады.

Фестивальға фильмдерді түсіруші француз кинематографистері ағылады. Фестивальдің ашылуы мен жабылуы, сонымен қатар негізгі көрсетілімдері әдеттегідей UniFrance агенттігі және оның басты әріптестері – Францияның Қазақстандағы елшілігі мен Алматыдағы Француз альянсы ұйымдастырған фестивальдің басты алаңына айналған «Арман» киноорталығында өтеді.

другие Жаңалықтар