Жаңалықтар

08 Февраля 2018

БАЛАЛАР ӘЛЕМДІ БЕЙНЕЛЕЙДІ. ҚАЗАҚСТАН

"Балалар Әлемді Бейнелейді" Қоғамдық Қоры,

Алматы қ. Әкімдігінің

қолдауымен

Астананың 20 жылдығына арналған

 

"БАЛАЛАР ӘЛЕМДІ БЕЙНЕЛЕЙДІ. ҚАЗАҚСТАН"

ЮНЕСКО жобасы

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР

ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ БАЙҚАУЫН

ҰСЫНАДЫ

 

(19 жыл бойы байқау шарттары өзгеріссіз келеді)

Қатысушылардың жасы: 3-тен 17 жасқа дейін.

Тақырыпқа, материалдар мен орындау техникасына, шығарманың көлеміне шектеу қойылмайды.

Әр автордан 2-ден артық жұмыс қабылданбайды.

Жұмыстар артқы бетке бекітілген үлгі бойынша 2 тілде (орысша, ағылшынша) жазылған паспартусыз қабылданады.

 

Автордың аты-жөні, жасы

 

Жұмыстың аты

 

Орындау техникасы

 

Қала

 

Оқу орны

 

Жетекшінің байланыс анықтамалары:

(аты-жөні, ұялы телефоны, e-mail)

 

 

Сәндік қолданбалы өнер жұмыстары жоғары сапалы суреттер түрінде қабылданады.

Байқаудың өту уақыты мен реті:

I іріктеу кезеңі – ақпан-наурыз, 2018 ж. Білім беру ұйымдарының өзінде өткізіледі.

II іріктеу кезеңі – наурыз, 2018 ж. Аймақтық іріктеу кезеңіне жауапты қалалық, облыстық көркемсурет мектептерінде өткізіледі.

Жобаның аймақтық ұйымдастырушылары үздік жұмыстарды ақтық көрмеге таңдап алады. Аймақтық әділқазылар құрамына директорлар, ҚР суретшілер Одағының өкілдері, көрнекті өнер қайраткерлері, әкімшілік және мәдени орталықтардың өкілдері кіреді.

I және ІІ кезең қорытындысы бойынша іріктелген жұмыстар Алматыға ақтық көрмеге жіберіледі.

III іріктеу кезең – сәуір, 2018 ж. Ұйымдастырушы комитеттің ұйымдастыруымен Алматы қаласында өткізіледі. Қатысушылардың шығармашылық жұмыстарын іріктеу мен бағалау, сонымен қатар қорытынды жасау байқаудың әділқазыларымен жүзеге асырылады.

Финал мен альбом тұсаукесері – қазан, 2018 ж.

 

Қатысушыларды марапаттау:

​ Барлық жоба қатысушылары сертификаттармен марапатталады, ал жеңімпаздарға (жұмысы альбомға енгізілгендерге) диплом табыс етіледі.

​ Альбом мұқабасын безендірген жұмыс иесі арнайы сыйлықпен марапатталады.

​ Жобаға қатысқан барлық білім беру ұйымдарына (мектеп, студия, шеберханалар, колледждер) сертификат пен альбом беріледі.

​ Жеңімпаз қатысушының жетекші педагогы сертификатпен марапатталады.

 

Жеңімпаздардың жұмыстары қайтарылмайды. Ұйымдастырушылар автордың келісімінсіз және авторлық құқықтар ақысы төленбестен жобаны насихаттау және дамыту мақсатында жұмыстарды көбейтуге құқылы.

 

Мекен-жай:

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050026, Әуезов көшесі, 14а, «Берекет» БО, 4 қабат

«Балалар Әлемді Бейнелейді» Қоғамдық Қоры

Тел.: +7 (727) 983 53 68

Моб.: +7 (708) 983 53 68

E-mail: org@drmfund.com

Website: www.drmfund.com

Facebook: www.facebook.com/TheChildrenArePaintingTheWorld

другие Жаңалықтар