Жаңалықтар

07 Декабря 2017

Астананың 20 жылдық дамуына қосқан үлесі үшін «Астана-Ардағым» мерейтойлық сыйлығына ұсынылатын үміткерлерді ІРІКТЕУ ЕРЕЖЕСІ

Ұйымдастырушы: Алматы қаласының әкімдігі

Сыйлық: “Астана - Ардағым” (бұдан әрі - Сыйлық) – Елорданың 20 жылдығына арналған мерейтойлық сыйлық.

 

«Астана - Ардағым» мерейтойлық сыйлығы Елбасының елорданы көшіру туралы бастамасының өміршеңдігіне кәміл сенім білдіріп, жан-жақты қолдау көрсеткен, Астананың өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқан алматылықтарға (Алматыда туған немесе саналы ғұмырының басым бөлігін Алматыда қызмет етуге арнаған) беріледі.

 

Сыйлыққа үміткерлер – Астананың білім беру және ғылым, денсаулық сақтау, инновация, архитектура және құрылыс, спорт, өнер, кинематография, журналистика, әдебиет, музыка салаларында дамуына үлес қосқан мамандар.

 

Резюме

«Астана – Ардағым» сыйлығына үміткерлерді Алматы қаласының белгілі қоғам және өнер қайраткерлерінен құралған арнайы комиссия ұсынады. Жеңімпаздар арнайы сайтта ашық дауыс беру арқылы анықталады. Жеңімпаздар төс белгісімен, арнайы марапаттау қағазымен және ақшалай сыйақымен марапатталады.

 

Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған Сыйлықты тағайындаудағы басты мақсат – қазақстандықтардың ынтымағын, елорданың жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін арттыра түсу.

 

“Астана - Ардағым” сыйлығын тағайындау бірнеше кезеңде жүзеге асырылады:

• Үміткерлерді ұсыну, елорданың өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі жайлы кеңірек тарқатып жазу.

• Электронды дауыс беру.

• Дауыс берудің нәтижелерін қорытындылау.

• 20 жеңімпазды анықтау.

• Салтанатты түрде жеңімпаздарды марапаттау.

 

 

Іріктеу кестесі

 

Күні

Атауы

01 желтоқсан, 2017 ж.

сайтты іске қосу

5-8 желтоқсан аралығы, 2017 ж.

дауыс беру

9 желтоқсан, 2017 ж.

нәтижелерді қорытындылау

10 желтоқсан, 2017 ж.

сыйлықты табыстау

 

 

Іріктеу схемасы

10 адамнан құралған Комиссия Сыйлыққа ұсынылатын 60 үміткерді анықтады.

 

Үміткерлер төмендегі категориядағы мамандардың ішінен іріктеліп алынды:
 

  1. Дәрігер

  2. Ұстаз

  3. Ғалым

  4. Инноватор

  5. Спортшы

  6. Құрылысшы

  7. Инженер

  8. Сәулетші

  9. Мүсінші

  10. Суретші

  11. Киім дизайнері

  12. Ақын

  13. Жазушы

  14. Теле-радио журналист

  15. Баспа журналисі

  16. Фотограф

  17. Режиссер

  18. Актер

  19. Композитор

  20. Музыкант-орындаушы

 

12 саладан Елорданың 20 жылдығы құрметіне 20 жеңімпазды іріктеп алу қажет.

 

Номинациялар:

  1. Астананың 20 жылдық дамуына денсаулық сақтау саласында қосқан үлесі үшін

  2. Астананың 20 жылдық дамуына білім беру саласында қосқан үлесі үшін

  3. Астананың 20 жылдық дамуына ғылым саласында қосқан үлесі үшін

  4. Астананың 20 жылдық дамуына инновация саласында қосқан үлесі үшін

  5. Астананың 20 жылдық дамуына спорт саласында қосқан үлесі үшін

  6. Астананың 20 жылдық дамуына құрылыс саласында қосқан үлесі үшін

  7. Астананың 20 жылдық дамуына архитектура саласында қосқан үлесі үшін

  8. Астананың 20 жылдық дамуына өнер саласында қосқан үлесі үшін

  9. Астананың 20 жылдық дамуына әдебиет саласында қосқан үлесі үшін

  10. Астананың 20 жылдық дамуына БАҚ саласында қосқан үлесі үшін

  11. Астананың 20 жылдық дамуына кинематография саласында қосқан үлесі үшін

  12. Астананың 20 жылдық дамуына музыка саласында қосқан үлесі үшін

 

Сайт

2017 жылғы 1 желтоқсанда 20 жеңімпазды анықтауға арналған Шараның арнайы веб-сайты іске қосылады.

Сайттың домені: www.astana.ardaq.kz

Сайт қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

 

Дауыс беруге арналған ресурс төмендегі ақпараттан құралады:

  • Марапаттау рәсімі, Сыйлық және Үміткерлер (Аты-жөні, қысқаша өмірбаяны, фотосуреті) жайлы ақпараттан құралған Басты бет.

  • Дауыс беру ережелері.

  • Байланыс .

 

Сыйлықтар:

- Бизнес өкілдері әр номинантқа 1 миллион теңге көлемінде сыйақы тағайындап отыр.

- Ұйымдастырушылар атынан «Астана - Ардағым» төс белгісі және марапаттау қағазы беріледі.

 

Дауыс беру ережелері

Енушілер сілтеме бойынша Шараның веб-сайтына өтіп, үміткер туралы қысқаша ақпаратпен танысып, сәйкес батырмаға басу арқылы өз дауысын бере алады.

Сайтта ұсынылған үміткерлердің тек біреуіне ғана дауыс беруге болады.

Таңдаған үміткердің жинаған дауыстары туралы ақпаратты, тек сол үміткерге дауыс бергеннен кейін ғана көруге болады.

 

другие Жаңалықтар