Жаңалықтар

25 Октября 2017

Алматыда Зарина Алтынбаеваның жеке концерті өтеді

5- қараша күні, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының сахнасында танымал қазақстандық орындаушы Зарина Алтынбаева «Анама...» атты концерт - арнауын ұсынады. Биыл орындаушының өміріндегі басты адам дүние салды. Раиса Мәметқызы Алтынбаева қызының өнер жолындағы әр жаңа бастамасына қолдау көрсеткен, оның шығармашылық мансабында маңызды рөл атқарған тұлға.

 

Зарина Алтынбаева эстрадада бағы жанып, елеулі еңбек еткеннен кейін классикалық өнерге келген. Ол Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясында (Алматы қаласында) академиялық вокал сыныбында педагог - Мәриямгүл Ахметқызы Төлегеновадан академиялық музыкалық білім алды. Одан кейін Westminster University және London University Goldsmiths -ты (Ұлыбритания, Лондон) үздік бітіріп, музыка магистрі дәрежесін иеленді.

 

Зарина 2013 жылдан бері Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі. Әншінің репертуарында:  Г.Доницеттидің «Махаббат сусынында» Адина, Дж.Вердидің «Бал-маскарадында» Оскар, В.Беллинидің «Капулетти және Монтеккиінде» Джульетта, Ж. Бизенің «Маржан іздеушілерінде» Лейла және т.б. рөлдері бар.

 

Зарина Алтынбаеваның айтуынша, ол бала кезінде, мәнерлеп сырғанау секциясына қатысып жүргеннен бастап классикаға қызыққан. Жаттығу барысында классикалық музыка жиі қойылатын себебі жас сырғанаушылар өз бағдарламаларын әуенмен орындайтын.

Осы кеште опера тыңдаушылары үшін батыс еуропа және қазақстан композиторларының ариялары шырқалады. Сондай-ақ әртіс шығармашылығының алғашқы кезеңінің жанкүйерлеріне сүйікті әндері мен романстары орындалады.

 

Концертке қатысатындар:

- маэстро Е. Ахмедьяров жетекшілік ететін симфониялық оркестр;

- Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солистері: Андрей Трегубенко, Олег Татамиров, Александр Сметанин, Дамир Сәдуақасов, Төлеген Рахымбаев, Серік Ауқатов, Тахауи Рахметов;

- Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының балет труппасы;

- әнші Әлішер Кәрімов;

- гитарист Александр Филиппов.

Концерт бағдарламасының қоюшы-режиссерлері: Назгүл Қарабалина және Шара Айдарова.


Концерттің басталуы: 18:30

Кіру тегін және шақыру билеттерімен


Концерт Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді

 

Сұқбат ұйымдастыру үшін байланысушы тұлға:

Мәдина Алтынбаева

Mob: + 7 707 406 4415, email: madina.madu@gmail.com
 

другие Жаңалықтар