Жаңалықтар

18 Октября 2017

ІІ Республикалық жас архивистер байқауыны

2017 жылғы 19-20 қазанда Алматы қаласында ІІ Республикалық жас архивистер байқауы өткізіледі.

 

Байқаудың ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив ісі және құжаттама департаменті, Қазақстан Республикасы Президентінің архиві, Алматы қаласының Орталық мемлекеттік архиві.

 

Байқауды өткізудің мақсаты архивист мамандығының мәртебесін көтеру, архив ісі саласындағы үздік мамандарды көтермелеу және озық тәжірибелерді тарату болып табылады.

 

Байқау екі кезеңде өткізілетін болады. 19 қазанда байқауға қатысушылар архивтік заңнамалардан білімі бойынша тестілеуден өтеді, содан кейін Алматы қаласының Орталық мемлекеттік архивінің ғимаратына экскурсия жоспарланған. Экскурсия барысында қатысушылар суретші Евгений Сидоркиннің, фотограф Алим Хайдаровтың жұмыстарымен, Всеволод Теляковскийдің көркемөнер жұмыстарының экспозицияларымен танысады, мүсінші Павел Шороховтың жұмыстары қойылған архив музейін аралайды.

 

Сол күні электронды архив саласындағы соңғы технологиялар көрсетілетін Қазақстан Республикасы Президентінің архивіне экскурсияға бару.

 

Байқаудың ашылу салтанаты 2017 жылғы 20 қазанда сағат 10:00 Алматы қаласының Орталық мемлекеттік архивінің заманауи мамандандырылған ғимаратының үлкен мәжіліс-залында өткізіледі (Акбұлақ ықшамауданы, Шуланов көшесі, 159).

 

Байқауға 12 команда: Қазақстан Республикасы Президентінің архиві, Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві, Орталық мемлекеттік Ғылыми техникалық құжаттама архиві, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік архивтерінен қатысады.

 

Қатысушылар архив ісі саласындағы нормативтік-құқықтық базалық білімдері бойынша, командалардың сәлемдесуі мен үй тапсырмасы сияқты байқау сынақтарында өздерінің кәсібилігі мен шеберлігін көрсетеді.

 

Байқау сынақтарының нәтижелері бойынша жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдармен, грамоталармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен, сондай-ақ архив басылымдарымен: «Наши современники. Людмила Варшавская», «Градоначальники Алматы. 1877-2017 гг.» тарихи-биографиялық анықтамалықпен марапатталады.

 

Архивистер арасында байқауды өткізу архивист мамандығының қоғамдық мәртебесінің өсуін көтеруге ынталандыру және кәсіпқойлықты жетілдіруге, архив ісі саласындағы озық тәжірибелермен алмасуға бағыттылған.

другие Жаңалықтар