Жаңалықтар

15 Сентября 2017

«Шығыс базары» атты фестиваліде квилт пен пэчворк стиліндегі халықаралық көрме болады

Қыркүйектің 22 -24 аралығында Алматы қаласының Dostyk Plaza Illusion ойын - сауық орталығында «Шығыс базары» халықаралық фестивалі басталады. Пэчворк пен квилтинг саласындағы Орталық Азиядағы ең ірі тақырыптық фестиваль өз қонақтары мен қатысушыларына танымал қазақстандық және шетелдік шеберлердің бірегей жұмыстарын ұсынбақ

 

Фестивальдің ұйымдастырушысы - Қазақстандағы Құрақ құрау шеберлерінің қауымдастығы. Іс-шара аясында тұңғыш рет халықаралық арт- жобалар көрсетіледі. Фестивальдің флагман жобасы - «ORIENT» атты таңқаларлық тоқыма паннолардың жылжымалы көрмесі болып табылады. Оның құрамына Чехия Республикасы, Словакия, Құрама Корольдік, Германия, Польша, Қазақстан елдерінің арт-квилт пен пэчворк техникасы шеберлерінің қолынан шыққан 60 астам жұмыстар кіреді. ORIENT көрмесі - алғаш рет 2017 жылдың сәуір айында Прага қаласында өткен, жыл сайынғы ХI халықаралық Prague Patchwork Meeting атты фестивальде ұсынылды.

Алматылықтар мен қала қонақтары үшін тағы бір тосынсый - Менің бақшам» атты тақырыптағы балалар құрақ құрау көрмесі болмақ. Оған Еуропа мен Ресейдің 6 мен 16 жас аралығындағы жас шеберлердің жұмыстары қойылады.

 

Көрме экспозициялардан бөлек, келушілерге тәжірибелік бөлім де қарастырылған. Фестивальдің барлық қатысушылары қазақстандық ісмерлердің тегін шеберлік сағаттарына қатысып, пэчворк пен квилтингтің түрлі техникаларын үйрене алады. Сонымен қатар, фестивальге қонақ ретінде, Қазақстандағы құрақ құрау шеберлері қауымдастығының арнайы шақыруымен халықаралық деңгейдегі танымал квилтер келеді және фестивальде хэндмейд бұйымдарының жәрмеңкесі өтеді, қазақстан дизайнерлерінің сәнді көрсетілімі болады.

 

Қазақстандағы құрақ құрау шеберлері қауымдастығының президенті, «Patchwork Gilde Deutschland e.V.,- неміс құрақ құрау шеберлері қауымдастығының мүшесі - Тамара Штрошерердің айтуынша, ««Шығыс базары» фестивалі - ең алдымен, Қазақстандағы ұлттық қолданбалы құрақ құрау өнерін қолдауға және дамытуға, көпшілікті халықаралық жұмыстармен таныстыруға, сондай-ақ, отандық шеберлердің жаңа шедеврлер жасаулары үшін оларды шабыттандыруға бағытталған».

Келушілердің назарына, «Шығыс базары» тақырыбындағы қазақстандық кәсіби ісмерлер мен құрақ құрауға әуесқойлардың, сонымен қоса,«Менің бақшам» балалар байқауында еліміздің ең жас квилтерлерінің байқаулық жұмыстары ұсынылады. Қатысушылардың шеберліктеріне халықаралық әділқазылар төрелік етеді. Жеңімпаздар - фестивальдің демеушісі«Bernina» тігін машинасының танымал брендінен бағалы сыйлықтар алады.

 

«Шығыс базары» фестиваліне билеттерді Dostyk Plaza Illusion ОСО-на кіреберістен және kassir.kz сайтынан сатып алуға болады.

 

БАҚ аккредитациясы үшін:

 

Айгуль Алиясова
aaliyassova@gmail.com
+7 701 715 75 78

Қосымша ақпарат: kurak.kz сайтында

 

 



В Алматы на фестивале «Восточный Базар» состоится международная выставка работ в стиле квилт и пэчворк

 

 

С 22 по 24 сентября в ТРЦ Dostyk Plaza Illusion в Алматы откроет свои двери международный фестиваль «Восточный базар». Гостям и участникам крупнейшего в Центральной Азии тематического фестиваля в области пэчворка и квилтинга будут представлены уникальные работы известных казахстанских и иностранных мастеров.

 

Организатором фестиваля выступила Ассоциация мастеров лоскутного шитья Казахстана. В рамках мероприятия впервые будут продемонстрированы международные арт-проекты. В первую очередь, это флагманский проект фестиваля - передвижная выставка уникальных текстильных панно «ORIENT», в которую вошли более 60-ти работ, выполненных в арт-квилт и пэчворк технике мастерами из Чешской Республики, Словакии, Великобритании, Германии, Польши и Казахстана. Впервые выставка «ORIENT» была представлена в апреле 2017 г. в Праге на ХI ежегодном международном Фестивале Prague Patchwork Meeting. Еще один сюрприз для алматинцев и гостей города - выставка детского лоскутного шитья, посвященного теме «Мой сад». Это работы юных мастеров от 6 до 16 лет из стран Европы и России.

 

Помимо выставочной экспозиции посетителей ждет и практическая часть. Все участники фестиваля смогут посетить серию бесплатных мастер-классов от казахстанских рукодельниц и обучиться различным техникам пэчворка и квилтинга. Кроме того, специально по приглашению Ассоциации мастеров лоскутного шитья Казахстана в гости на фестиваль приедет известный квилтер международного уровня. Также на фестивале состоится ярмарка хэндмейд изделий и модный показ казахстанских дизайнеров.

 

По словам Тамары Штрошерер, Президента Ассоциации мастеров лоскутного шитья Казахстана и члена немецкой Ассоциации мастеров лоскутного шитья «Patchwork Gilde Deutschland e.V.,- «Фестиваль «Восточный Базар» прежде всего нацелен на поддержку и развитие национального прикладного искусства құрақ (лоскутное шитье) в Казахстане, познакомить широкую публику с международными работами и вдохновить отечественных мастеров на создание новых шедевров».

Вниманию посетителей будут представлены конкурсные работы казахстанских профессионалов и любителей лоскутного шитья на тему «Восточный базар» и самых юных квилтеров страны на детском конкурсе «Мой сад». Оценивать мастерство участников будет международное жюри. Победители получат ценные призы за лучшие работы от спонсора фестиваля - прославленного бренда швейных машин «Bernina».

 

Билеты на фестиваль «Восточный Базар» можно приобрести на входе в ТРЦ Dostyk Plaza Illusion и сайте kassir.kz

другие Жаңалықтар