Жаңалықтар

12 Сентября 2017

«ПРИТЯЖЕНИЕ. АЛМАТЫ ГЛАЗАМИ ПЕТЕРБУРГСКИХ ХУДОЖНИКОВ»

Өтетін орны:

Күні мен уақыты:

Алматы музейі

Қабанбай батыр көшесі, 132

т\ ф. 272-43-21

тел. 8-708-259-69-11

e-mail: tolganai_23-96@mail.ru

15 қыркүйек 2017 жыл

Сағ. 11:00

2017 жылы 15 қыркүйекте сағат 11.00-де Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында Алматы музейі «Эрарта» заманауи өнер музейімен (Санкт-Петербург қ.) бірлесе отырып, Қала күні мерекесі қарсаңында «Құштарлық. Алматы Петербург суретшілері шығармашылығында» атты көрменің ашылуын өткізеді.

Эрарта музейі – Ресейдегі мемлекеттік емес ірі заманауи өнер орталығы. Музейдің негізгі қызметі – заманауи өнердің аса қызықты және ерекше туындыларын жинақтау және насихаттау болып табылады.

2010 жылы 20 мамырда ашылған Эрарта музейі жас болса да Эрмитаж, Третьяков галереясымен бір тізімде жалғыз заманауи өнер музейі ретінде Ресей музейлерінің үздік ондығына кіреді және Санкт-Петербург қаласындағы шетелдік қонақтар жиі баратын басты мәдени құндылықтарының біріне айналды.

Көрменің мақсаты ірі шетелдік музейлер көрмелерін ұйымдастыру арқылы музейдің көрмелік қызметінің көлемін ұлғайту, сондай-ақ келушілерді әлемдік мәдениет ескерткіштерімен таныстыру болып табылады.

Жобаның мақсаты – Алматы қаласы петербург суретшілерінің есінде қалай сақталғандығын, солтүстік, Ресей тарапының қалаға деген сыртқы көзқарасын көрсету.

Көрмеге 20-дан астам жұмыстар қойылады, соның ішінде Қазақстанда туылып қазіргі таңда Санкт-Петербург қаласында тұратын танымал суретшілер Латиф Қазбеков, И. Овсянников, А. Косенков, Е. Посецельскаяның түрлі жылдарда жазылған картиналарын, сондай-ақ көрмеге арнайы жазылған жұмыстарды көре аласыздар.

Көрмедегі кескіндемелік және монументалды графика туындылары, түрлі кезең мен стиль суретшілерінің кескіндемелік баннерларында петербургтық романтикалық экспрессионизм эстетикасы басым.

Көрменің ашылу салтанатына Эрарта музейі қызметкерлері аталған жобаның кураторы, Ресей Суретшілер Одағының мүшесі, өнертанушы В.О. Назанский, Петербург суретшісі А.П. Косенков, сондай-ақ Қазақстан Суретшілер Одағы өкілдері, өнертанушылар т.б. қатысады.

Алматы музейі барлық алматылықтар мен қала қонақтарын көрмені тамашалауға шақырады.

другие Жаңалықтар