Жаңалықтар

12 Сентября 2017

"Soundtrack Hits” Концерті

2017 жылдың Қыркүйек айының 26-шы күні, сағат 19.00-де Қалдаяқов көшесі, 35 мекен-жайы бойынша орналасқан Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясы Концерттік залының сахнасында, жастар жылы аясында, Алматы қаласының Әкімдігі жариялаған «Soundtrack Hits» атты концерті өтеді. Концертте симфониялық оркестр, аралас хор, және де Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының солисттері қатысады.

«Soundtrack Hits» Концерттік бағдарламасы тыңдармандарды кино мен музыканың әсерлі және таныс әлеміне апарады. Консерватория ұжымдары мен солистерінің орындауындағы арнайы видео сүйемелдеуі бар саундректер кинофильмдердегі музыканы қабылдау жаңа көкжиектерін ашады. Концерт бағдарламасындағы кинофильмдер мен мультфильмдер саундтректері: «Жұлдызды жауынгерлер», «Рио-2», «Айдаһарды қалай ырыққа көндіру », «Гарри Поттер», «Кариб теңіз пираттары», «Көшбасшы жолы».

Солисттер: Ирина Гавриленко (орган), Жадыра Мусрепова, Айгерим Елемесова (жетіген).

Дирижёрлер: Мадияр Тойболды, Ян Рудковский.

Кеш жүргізушісі: Олег Борецкий.

другие Жаңалықтар