Жаңалықтар

11 Сентября 2017

Қалалық алма фестивалі «АЛМА Fest - 2017»

2017 жылдың 17 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағында, Алматы қаласы Әкімдігінің ұйымдастыруымен дәстүрлі мереке «АЛМА Fest - 2017»өткізіледі.

Қалалық алма фестивалі «АЛМА Fest - 2017» қала күніне орай өткізіледі. Жыл сайын бұл шара 150-200-ден астам көрермен жинайды.

«АЛМАFest-2017» - бұл үлкен көлемдегі мәдени-сауықтық іс-шара. Қазіргі таңда атаулы іс-шара кең ауқымда қала тұрғындары мен қонақтары арасында сүйікті мерекелердің біріне айналды. Саябақтың аумағында түрлі аумақтарорналастырылып жұмыс жасайды: 

         - «АЛМА ART». Ашық аспан астындағы суретшілердің жаңаша орындаған туындылары орналасқан аумақ. Белгілі суретші -сәнгерлер өз жұмыстарын паблик-арт, медиаарт, перформанс, сәулет стилінде көрсетпек.

- «АЛМА BAZAR». Фестиваліміздің бас жәрмеңкесі. Бұл алаңда кез келген қала тұрғыны нағыз Алматының түрлі сорттағы алмасының дәмін көруге мүмкіндік алады.Сонымен қатар бұл алаңда тек қана алма емес, алмадан жасалған түрлі тағамнан дәм татуға болады. Жоспарда 100 тонна алма күтілуде. Дәл осы аймақта әдемі безендірілген іс-шарамыздың бас сахнасы орналасады. Сахнада марапаттаулар және эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді.  

         - «АЛМА ОТБАСЫ». Отбасылық демалыс аймағы. Бұл аймақта балаларға арналған түрлі аттракциондар, мастер класстар және барлық отбасына арналған ойындар орналасқан. Мерекеге келген әрбір отбасы Алматылық дарынды жас әртістердің өнерін тамашалайды.

         - «АЛМА MASTER». Қолөнершілердің жәрмеңкесі. Бұл аумақта қала тұрғындары қолөнершілердің түрлі бұйымдарын сатып ала алады. 

         - «АЛМА AUEN». Фестиваль аясында күні бойы әртүрлі жанрдағы әуендер орындалады. Іс-шарада 4 сахна жоспарға алынды.

        -«АЛМА FASHION». Сұлулық пен сәннің аймағы. Бұл аймақта елімізге танымал сәнгерлер мен олардың шәкірттерінің жұмыстары ұсынылады. Сәнгерлер қала тұрғындарына қажетті киім үлгісін таңдауға өз үлестерін тигізбек. 

         - «АЛМА DRIVE». Нағыз белсенді жандарға арналған аймақ. Бұл аймақта белгілі велосипедисттердің көрсетілімін және көше бишілерінің өнерін тамашалауға болады. Сонымен қатар халық спортына жататын түрлі спорт түрлерінен жарыс өтеді. Атап айтсақ: қазақша күрес, арқан тарту және т.б..

Іс-шара - «АЛМА Fest - 2017»

Өтетін күні -  17 қыркүйек, 2017 жыл

Өтетін уақыты - 10.00 – 18.00

Өтетін жері – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағы

 

Қосымша сұрақтар бойынша байланыс:

+7 775 320 11 33 Алия Жабаева

+7 701 208 05 67 Саулет Беркут

+7 775 959 72 11 Айгерім Аргынбайкызы e-mail: a.a.argynbaikyzy@gmail.com

другие Жаңалықтар