Жаңалықтар

05 Сентября 2017

Оркестрлер фестивалі

Алматыда «Оркестрлер фестивалін» Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрі ашады

 

Алматыда Қала күнін мерекелеу аясында ашық аспан астындағы Оркестрлер фестивалі шымылдығын ашады. Фестиваль 8-9 қыркүйек күндері Республика сарайы алдындағы Абай алаңында ашық аспан астында өтеді. 

Музыка мерекесінің алғашқы күні дирижер Әли Демегенұлы Алпысбаев жетекшілік ететін Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптар оркестрі мен «Сазген Сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблі кешті бастайды. Бұл күні әлемнің және қазақтың ұлы композиторларының композициялары, сондай-ақ, әлем халықтарының музыкалық шығармалары орындалады.        

Фестивальдің екінші күні қала тұрғындары мен қонақтары үшін мыңдаған тыңдарман жүрегінен орын алған қазақ және кеңес дәуірі мен әлем кинематографиясындағы танымал, үздік әуендер орындалады. Композицияларға Александр Беляков жетекшілік ететін Алматы қаласы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі мен Қанат Ахметов жетекшілік ететін ҚР Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі жан береді.

Шара Абай атындағы алаңда күн сайын сағат 20:00-де басталады.    

Байланыс нөмірі: Арай - +7 778 859 88 95 

другие Жаңалықтар