Жаңалықтар

24 Августа 2017

Алматы қ. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, алматы хайуанаттар паркінің 80 – жылдығы аясында өтетін кітап ивенттері

26-27 тамызда сағат 11.00- ден 16.00 дейін – КММ «Алматы қ. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» барлықтарыңызды Алматы Хайуанаттар паркінің 80- жылдық мерекесіне шақырады.

Жазғы демалыстың соңғы күндерінде ұмытылмастай болатын мерекені бізбен бірге өткізіңдер!

Мерекеге қатысушыларды әр түрлі қызықты бағдарламалар күтуде. Ересектер мен балалар екі күн бойы жалықтырмайтын кітапханалық интербелсенді алаңдағы ойын- сауықтарға қатыса алады. Олар:

  • қағазбен моделдеу шеберлік- сыныбы,

  • қыстырғыштағы боямақтар,

  • шахмат турнирлері,

  • асфальтта сурет салу байқауы,

  • викторина ойындары

  • еліктірер «Мадагаскардағы оқиға» квест-ойыны, онда жұмбақты шешіп, кедергілер жолағынан өтіп, криптограмманы тауып, білімдерін ортаға салады.

Сонымен қатар, жануар сүйгіштерге Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы баспаларын және кітапсауда ұйымдарын қолдау ретінде сатуға шығарған- кітап көрмелері ұйымдастырылады.

Мерекенің көркін кіргізетін негізгі шара- «Алматы хайуанаттар паркінің 80- жылдығы»және «Балаларға аңдар туралы» түрлі- түсті суретті кітаптар көрмесі.

Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын Алматы хайуанаттар паркінің орталық алаңында күтеміз.

 

Анықтама телефондары: +7 727 - 291-6351, 279-3315

другие Жаңалықтар