Жаңалықтар

24 Августа 2017

«Ертегімен саяхат»

« Алматы қ. Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММекемесі 2016 жылы Мәскеу қаласы, Ресей мемлекеттік балалар кітапханасы ұйымдастырған, балаларға арналған «Путешествие со сказкой» («Ертегімен саяхат») Халықаралық әдеби байқауына қатысқан болатын. Бұл жобаға- Ресей мемлекеттік балалар кітапханасы Иона Крянгэ атындағы ұлттық балалар кітапханасы (Молдова), Ф. Кочарли атындағы республикалық балалар кітапханасы (Азербайджан), Минск қ. Орталықтандырылған балалар кітапханасының жүйесі (Беларусь), Арменияның Хнко Апера атындағы ұлттық балалар кітапханасы, Сапарғали Бегалин атындағы Орталық қалалық балалар кітапханаларымен - ОКЖ Алматы қ. (Қазақстан ) бірлесе отырып қатысты.

«Ертегімен саяхат» Халықаралық байқауы- дарынды балаларды көпшілікке шығарып, өз мәдениеттерінің негізін ұғынарлықтай жағдайда ұлттық мәдени құндылықтарды жалғастыру бағытында, талантты балаларды іздеу және қолдау , шығармашылық өрлеу, өздерін дамыту, көрсету мақсатында балалар мен жасөспірімдер арасында жарияланды.

2017 жылдың қыркүйегінде Мәскеу қ.Ресей мемлекеттік балалар кітапханасы байқаудың қорытындысын шығарып, байқау жеңімпаздары "Артек" Халықаралық балалар орталығына баратындығын, жол- жөнекей елдерді аралайтындығын жариялайды.

« Алматы қ. Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің» дамыту бөлімі байқауға байланысты көп жұмыстар атқарды. Облыс балалар кітапханаларынан байқау туралы балалардан жұмыстар қабылдап ( 80 жуық жұмыс қабылданды), Қазақстан бойынша 6 жеңімпазды анықтады.

С.Бегалин атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасы 2016 жылы қараша айында барлық жеңімпаздарды сыйлықтар мен дипломмен марапаттады. Ал екі баланың жұмысы Мәскеу қаласынан 2018 жылы шығатын «Путешествие со сказкой» жинағына еніп, жобаға қатысқан елдерге таратылады. Бұл ертегілер- Алматы қ. Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №30 филиалының оқырманы Ерсаин Аружан 9 жаста және Батыс Қазақстан облысы Шынғырлау поселкесінің 12 жасар оқырманы Дүсенова Лаура.

Біз жеңімпаздарымыздың жетістігін мақтан етеміз! Барлығына «Путешествие со сказкой» халықаралық байқауда жеңіс тілеп, «Артек» халықаралық балалар орталығына жолдама ұтып алуларыңызды қалаймыз.

другие Жаңалықтар