Жаңалықтар

11 Августа 2017

«Алматы Кок-Тобе Opera - 2017» II жыл сайынғы фестивалі

Қазақстанның мәдени астанасы - Алматыда - «Алматы Кок-Тобе Opera - 2017» ІІ фестивалі өтетінін хабарлаймыз!

Бұл Қазақстанның оңтүстік астанасының атаулы фестивальдарының бірі, Сіздер мұнда операның үздік жеке орындаушыларының және шақырылған жұлдыздардың дауыстарын естисіздер, сонымен қатар Қазақ Мемлекеттік Академиялық Абай ат. Опера және балет театрының симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен балеттің әлемдік нөмірлерін көре аласыздар.

Бірінші фестиваль 2016 жылы Алматы қаласының 1000-жылдығын мерекелеу аясында өтті, ал биылғы фестиваль «Қала Күні» мен EXPO- 2017 халықаралық көрмесін мерекелеуге арналады.

«Алматы Кок Тобе Opera- 2017» Көк Төбе демалыс саябағында тамыздың 25-26 күндері сағат 19:30 өтеді.

Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, дирижер Алан Бөрібаевтың жетекшілігімен Қазақ Мемлекеттік Академиялық Абай ат. Опера және балет театрының симфониялық оркестрі әлемдік классикалық музыканың үздік туындыларын орындайды.

 

Сіздерді «Алматы Кок- Тобе Opera-2017» фестивалінде көруге қуаныштымыз!

другие Жаңалықтар