Жаңалықтар

25 Июля 2017

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі қалалық «Библиоселфи» фотобайқауын жариялайды

Қымбатты достар!

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі қалалық «Библиоселфи» фотобайқауын жариялайды.

Байқау өткізу кезеңдері:

2017ж. 24 шілдеден – 31 шілдеге дейін – байқау жұмыстарын қабылдау.

1 тамыз –Комиссия байқау жұмыстарын бақылап, нәтижесін шығарып, жеңімпаздарды анықтайды.

2 тамызда Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің Фейсбукhttps://www.facebook.com/groups/CBS.Almaty/ парақшасында байқаудың натижесі мен қорытындысын жариялайды.

Барлықтарыңызды , жас ерекшеліктеріңізге қарамай фотобайқауға қатысып, төмендегідей талапты орындауларыңызға болады:

1. Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің біріне жазылуыңыз қажет. Егер жазылған болсаңыз, ұтыс сыйлығына мүмкіндігіңіз мол.

2. Селфи жасап, Фейсбук https://www.facebook.com/groups/CBS.Almaty/ парақшасына қою керек.

3. Бір қатысушы өз жұмысының 3дана фотографиясын қоюға болады. 

4. Байқауға қатысушының міндетті шарттары – фотографияны кітапхана интерьерінің жанында жасау қажет.

5. Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қай кітапхана-филиалы екендігін, фото қай жерде түсірілгендігін көрсету қажет.

Байқауға қатысушылар төмендегі ақпаратты ұсынулары қажет:

• автордың аты- жөні, фамилиясы;

• байланыс телефоны.

Әділ қазылар ең үздігін таңдап алады!

Жеңімпаздарды тамаша сыйлықтар күтуде- Мемлекеттік Қазақ циркінің – "Ер Төстік" лазерлік цирк шоуына тегін кіру.

 

Фотобайқаудың мақсаты қоғам жұршылығын кітапхана мен кітап оқуға көңлін аудару.

Технологияның жоғарғы даму қарқынынан Фотография өнерінің көпшілік қауымға қолжетімді және тиімділігін көруге болады.

Заманауи адамы, смартфон мен планшеттің арқасында , әлеуметтік желілерде өз өмір тіршілігін суретке түсіріп, сезімдерімен бөлісуде. «Библиоселфи» фотография байқауы екі шығармашылық дүниені біріктіреді- шынайы және виртуалды.

Селфи (ағылшын тілі Selfie ағылшыннан аударғанда. Self — өзім) — өзін- өзі түсіру ,  өз қолымен мобильді телефонға немесе фотокамераға түсіру.

Анықтама телефоны : 291 63 51279 33 15

другие Жаңалықтар