Жаңалықтар

19 Апреля 2016

Тұңғыш рет Алматыда Турецкий Хорымен Халықтық караоке!!!

1 мамыр күні сағат 19:00-де Қазақстан халықтарының бірлігі күнін тойлау аясында танымал ұжым Астана алаңында тегін ауқымды музыкалық акция ұйымдастырады. Шара Алматы қаласы әкімдігі қолдауымен өтеді.

Бұл ондаған мың адамның Турецкий Хорымен бірге бірнеше ұрпақтың әндерін шырқайтын ерекше формат. Жоба Халықтық караоке деп аталып кеткен, өйткені онда кез келген адам ән сала алады! Мұндай Ән Мерекелері ерекше қуат береді, бірлік пен ынтымақтастық сезімін тудырады.

«Мен біздің тақырыбымыз – Халықпен бірге ән салу екенін түсіндім!», – деп атап өтті Ресей Федерациясының Халық әртісі, жобаның авторы және танымал ұжымның жетекшісі Михаил Турецкий. Сондай-ақ, әртіс Турецкий Хоры Қазақстанмен көптеген жылдардан бері үздіксіз байланыста екенін айта кетті: «Соңғы 15 жылда ұжымымыз елдің көптеген атаулы шараларына қатысты. Біз Республиканы, оның қозғалысын, өсуін, дамуын сезінеміз. Біздің өнеріміз осы ұғымдардың бәрімен егіз. Қазақстан халықтарының бірлігі күніне біздің Ән Мерекесін әкелуіміздің өзіндік мәні бар. Халықтық караокенің идеясының өзі осы – достық сезімді, бауырластықты сезіну, бірлікті сезіну. Мен бізде мұндай мүмкіндіктің болғанына қуаныштымын. Қазақтар мен ресейліктер ғасырлар бойы ағайын емес пе! Ән мерекесінің репертуарлық бағдарламасы ресейлік бағдарламамен ұқсас, бірақ ерекшеліктер бар. Міндетті түрде қазақша әндер айтамыз, сондай-ақ, Батырхан Шүкеновтің репертуарынан да әндер болады».

Әртістер өздерінің жаңа жобаларын Ресейдегі ғаламат жетістіктерінен кейін Қазақстанға әкелуді ұйғарды. 2015 жылы Ән Мерекелері Интернетте теңдесі жоқ қатысушылар жинап, ресейліктердің ең сұранысқа ие мәдени шараларының біріне айналды.

Айта кетейік, ауқымды жобаның демеушілері: Bank RBK , Золотое Кольцо, Kazakhstan Cola.

Фотоны орналастыру үшін сілтемелер:

Сұхбат мәселесі бойынша мына телефонға хабарласыңыз: 8 778 902 55 55 Юлия

другие Жаңалықтар