Жаңалықтар

19 Апреля 2016

"Қазақстандағы Италияның мәдениет жылы" аясында Алматы қаласы әкімінің концерттік оркестрінің қатысуымен әйгілі итальяндық скрипкашы Массима Куартаның концерті өтеді

2016 жылы 20 сәуірде сағат 19:00 
Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясында

Итальяндық скрипкашы Массимо Куарта бәріне танымал. Мысалы, «American Record Guide» классикалық музыка туралы журнал оның скрипкада ойнауын «ең элегантты таңқалдыру» деп сипаттаса, «Diapason» танымал журналының сыншысы «оның ойынының оттылығы мен сезімталдылығы» туралы айтады. Осы итальяндық скрипкашының орындауындағы танымал Паганини шығармалары басқаша болып шығады. Массимо Квартаның керемет орындауы көрермендерді тез тәнті етті және ол туралы халықаралық баспасөз тамаша пікірлер білдірді.

Массимо Кварта 1965 жылы туған. Жоғары білімді танымал «Санта-Чечилия» Ұлттық академиясында (Рим) Беатрич Антониона сыныбында оқыды. Массимо Кварта да Сальваторе Аккардо, Руджеро Риччи, Павел Верников, Абрам Штерн секілді танымал скрипкашылармен бірге өнер көрсетті. «Città di Vittorio Veneto» (1986) және «Opera Prima Philips» (1989) секілді ұлттық скрипкашылар конкурсында жеңіске жеткен соң, Массимо Кварта халықаралық қауымдастықтың назарына ілініп, 1991 жылы Никколо Паганини атындағы скрипкашылардың беделді халықаралық конкурсында Алғашқы сыйлықты иеленді. Содан бері музыканттың өнері өрледі.

Берлин («Konzerthaus» және Берлинская филармония), Амстердам («Concertgebouw»), Париж (зал «Плейель» и театр «Шатле»), Мюнхен (Филармония «Gasteig»), Франкфурт («Alte Oper»), Дюссельдорф («Тонхалле»), Токио («Metropolitan Art Space» және «Токио Бунка-Кайкан»), Варшава (Варшава филармониясы), Мәскеу (Үлкен консерватория залы), Милан (театр «Ла Скала»), Рим (Академия «Санта-Чечилия») залдарында өнер көрсетті.

Массимо Кварта Потсдам, Сарасот, Братислав, Люблян, Лион, Неапол, Сполето, Berliner Festwochen-де өткізілген танымал музыкалық фестивальдердің қонағы болды.

Соңғы уақытта жеке орындаушылығымен қатар, Массимо Кварта Королевский филармониялық оркестрі (Лондон), Нидерланд симфониялық оркестрі, Берлин симфониялық оркестрі, Швейцария симфониялық оркестрі, Малага Филармониялық оркестрі, Генуедегі «Карло Феличе» театрының оркестрі және басқа ұжымдармен бірге өнер көрсетіп, Еуропаның жас дирижерлерінің бірі ретінде өзін көрсетті.

другие Жаңалықтар