Жаңалықтар

18 Апреля 2016

«Операторлық өнер» мамандығы бойынша республикалық пәндік олимпиада

«Операторлық өнер» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада «Тұран» университеті базасында мына мекенжайда өтеді:

Алматы қ. Сәтпаев көшесі, 16-18, 18а, «Киноөнер» кафедрасы
Телефон: 8 (727) 260-40-34, 8 708-679-3762, 8 747-164-1484
E-mail: kupeldeeva@mail.ru, kinoiskusstvo@mail.ru

Қазақстан республикасы Білім және ғылым минстрлігі 2016 жылдың 20 сәуірде «Тұран» университеті «Кино және телевидение» факультеті базасында «Операторлық өнер» мамандығы бойынша пәндік олимпиада өткізеді.

Бұл «Киноөнер» кафедрасы өткізетін II Республикалық олимпиада. Биылғы жылы ол ұлттық деректі кинематаграфияның негізін қалаушы біртуар қайраткер Ораз Абишұлы Абишевтің 100 жылдығына арналады.

Пәндік олимпиаданың негізгі мақсаты – кәсіби шеберлікті көрсету, шығармашылық пен жоғары мәдениетті таныту, операторлық шеберлік аясында заманауи технологияны тәжірибе жүзінде қолдана білу.

Бұл олимпиадаға дәстүрлі түрде шығармашылық жоғары оқу орындарының: Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының және «Тұран» университетінің студенттері қатысады.

Олимпиада бағдарламасында ақ-қара және түрлі-түсті суреттердің ашық фотокөрмесі, студенттердің экрандық тапсырмаларын көру, сонымен қатар «Тұран» галериясының ашылуы қарастырылған. Олимпиадада қатысушылармен бірге «Кузьмин киномектебінің» шәкірттері алғаш рет өз жұмыстарын көрсететін болады.

Биылғы жылы Республикалық пәндік олимпиада Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.

Іс-шара бағдарламасы:

Іс-шара Уақыт Орын
1 Қатысушыларды тіркеу, 3-қабат, банкет залы 09.30-10.00 3 қабат, банкет залы
2 Олимпиаданың ашылуы 10.00-10.30 3 қабат, банкет залы
3 Конкурстық комиссияның жұмысы – фотокөрме (қара-ақ фотосуреттер) 10.30-11.00  
4 Конкурстық комиссияның жұмысы – экрандық жұмыс 11.00-13.00 4 қабат, 401 аудитория,  музей.
5 Түскі ас 13.00-14.00 2 қабат, асхана
6 "Тұран" галереясының ашылуы 14.00-14.10 5 қабат
7 Конкурстық комиссияның жұмысы – фотокөрме (түрлі-түсті фотосуреттер) 14.10-15.00  
8 Конкурстық комиссияның жұмысы қорытындылау 15.00-16.00 607 аудитория
9 Олимпиаданың қорытындысы, жеңімпаздарды марапаттау, 3-қабат, банкет залы 16.00-17.00 3 қабат, банкет залы

другие Жаңалықтар