Жаңалықтар

18 Апреля 2016

«Айналдым қазақ деген халықтан мен» атты Шөмішбай Нағашыбайұлы Сариевтің авторлық кеші

Абай атындағы МАОБТ,
сәуірдің 19-ы сағат 17:00

2016 жылғы 19 сәуірде сағ. 17.00-де көрнекті ақын, әдебиеттанушы-ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Платина Тарлан», Франц Кафка атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Шөмішбай Нағашыбайұлы Сариевтің 70 жасқа толуына арналған «Айналдым қазақ деген халықтан мен» атты авторлық кеш өтеді.

Ш.Сариев қазақ әдебиеті мен қазақ әдебиеттану ғылымының белгілі өкілдерінің бірі. Ақын ретінде де ғалым ретінде де оның қаламынан туған әдеби-ғылыми шығармашылығы тәуелсіз еліміздің руханиятына қосылған құндылықтар құбылысы. Сонымен қатар ән-өлеңдерінің авторы ретінде де танымал ақындардың бірі. М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің аға ғылыми қызметкері болып қызмет етіп келеді. Алғашқы жыр жинағы 1974 жылы «Балдәурен» деген атпен жарық көрген. Содан бергі аралықта қазақ, орыс тілдерінде жиырмаға жуық кітаптары шықты. «Сүйінші» (1992) ән өлеңдері жинақ боп басылған. Екі томдық шығармалар жинағы (2006), «Шөл даланың ұлымын» (2008), «Қазақ лирикасы: көркемдік ізденістер және ұлт тәуелсіздігі» ( 2012) тағы басқа көптеген өлеңдер жинақтары мен зерттеулердің авторы.

Концертте Қазақстанның халық әртістері, музыка өнерінің жұлдыздары –Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Нұрлан Өнербаев, Майра Мухамедқызы, сонымен қатар, концертте Әлішер Кәрімов, "МузАрт" тобы, "Дервиши" тобы және т. б. қатысады.

другие Жаңалықтар