Жаңалықтар

14 Апреля 2016

«Алматы жаны» кешкі өнер фестивалі

Өз махаббатыңды ... білдір

2016 жылдың 16 сәуірінде оңтүстік астанамыздағы ҚР Тұңғыш Президентінің саябағында отандық жас суретшілер мен мүсіншілердің арт-жобаларына арналған «Алматы жаны» кешкі өнер фестивалі өткізіледі.

Іс-шараны Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Kontorra Studio» event-агенттігі және Т. К. Жүргенев атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы ұйымдастырып отыр.

«Алматы жаны» - «Public art» өнерін өз бойына сіңірген, дегенмен мазмұнымен ерекшеленетін және бірегей форматта ұсынылатын бос уақытты өткізудің жаңа мәдени түрі.

«Kontorra Studio» event-агенттігінің директоры Тимур Балбаевтың сөзінше, фестиваль аясында ұсынылған туындылардың барлығы Т. К. Жүргенев атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының жас суретшілері мен мүсіншілерінің қолымен жасалған дүниелер, себебі аталған іс-шара қазіргі заманғы жас суретшілер мен мүсіншілерді, отандық өнерді елге танытуды өзіне мақсат тұтып отыр.

«Алматы жаны» фестивалі Баян Сұлу және Қозы Көрпештің ұлы махаббат күніне (Қазақстандағы ғашықтар күніне) орайластырылып отыр және де оның аясында қойылатын экспонаттардың барлығы қалаға, адамзатқа, ата-анаға, өнерге деген сүйіспеншілік мәселесіне арналған.

Жоба бастамашысы Арман Тоқпан былай деп атап өтті: «Фестивальді ерекше форматқа сәйкес кешкі уақытта өткізудің себебі келесіде: белгілі бір көмескі жарықты түсірген кезде барлық экспонаттар суретшінің бастапқы ойынан өзгеше мәнге ие бола бастайды. Сонымен қатар, фестивальде әртістер мен музыканттар өнер көрсетеді, бұл да бүкіл іс-шараның ерекше ортада өтуіне септігін тигізбек».

Ұйымдастырушылар фестиваль аумағы көркем сурет, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер, графика, фото-өнер, граффити секілді алты аймаққа бөлінетінін атап өтті. Фестивальде барлығы жас өнерпаздардың 60-қа жуық туындылары көрсетіледі.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі тұлғамен хабарласыңыз:

Тимур Балбаев, +7 777 270 85 71
kontorrakz@gmail.com

другие Жаңалықтар